Сабақтың тақырыбы: «Салтым менің – халқым менің»
Мақсаты: 1) оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
2) Оқушылармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді қауым, қымбатты да ардақты адал дос пен сыныптас жолдастар.
2 - жүргізуші: Біздің ауылға қош келіпсіздер!
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы «Өнер алды – тіл дейтін».
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
1 - жүргізуші: Иә, қазақ халқы – кішіпейіл халық, қонақжай халық.
Расында, қонақ демекші қазағымыз қонақ десе, қоң етін кесіп беретін халық.
2 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, қазақта төрт түрлі қонақ бар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ.
Арнайы қонаққа тоқталып өтсем – бұл алыстан әдейі іздеп келген тума – туыстар, жолдастарың. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
Құдайы қонақ – бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ.
Ал қыдырма қонақ дегеніміз, ерігіп, желігіп үйден үйге, ауылдан – ауылға кезіп, сөз аңдып жүрген қонақтар.
Қылғыма қонақтың өрісі тар. Ол ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйлерді аралап, барын жеп, тағы бір сондай үйге тарта жөнелетін нағыз сұғанақ қонақ.
1 - жүргізуші: Ал, сонда бүгінгі біздің ауылға келіп отырған қонақтар қандай қонақтар сонда?
2 - жүргізуші: Біздің ауылға келген қонақтар – сыйлы қонақтар!
1 - жүргізуші: Саған бір дауыстар естіліп жатқан жоқ па?
2 - жүргізуші: Иә, шынымен де. Бұл кімдер екен?
(қыз жақ пен жігіт жақтың жеңгелері шығады)
1 - шісі: Әй, сенің Ақжігітің біздің қызға көз қырын салып жүрген сияқты.
Сен ештеме байқамадың ба, өзі?
2 - шісі: Мен де соны ойлаумен болдым. Тіпті не істерімді де білмеймін. Біздің Ақжігітті өзің де білесің ғой, көңіліндегі сырын тіпті, кейде, маған да айтпай, жасырып жүретінін.
1 - шісі: Иә, оның дұрыс. Біздің Еркетай да маған бүгін үн қатпай, бір түрлі болып жүрді.
2 - шісі: Әй, біз осы жерде әңгіме – дүкен құрып тұрғанда, бәрінен құр қалатын сияқтымыз. Жүр, одан да үй ішімен барып сөйлесіп, не боларын ақылдасайық.
1 - ші: жүр.
1 - жүргізуші: Не болды? Біздің Еркетай өз сыңарын тапқан тәрізді.
2 - жүргізуші: Сенде айтасың - ау!
1 - жүргізуші: Сен ана кісілердің әңгімелерін естімедің бе? Осыдан қара да тұр, кешке Еркетайдың үйінде қыз ұзату тойы болады.
2 - жүргізуші: Не нәрсені болса да, уақытында көрерміз, ал қазір жүр үйге қайтайық. Той болса, тойда кездесерміз. Онда тұрған несі бар? «Қазақ» деген жұрттың атын атағанда есімізге бірінші түсетіні осы той емес пе? Той - өмірдің сәні, онсыз болмас ешнәрсенің мәні.
Біраз уақыт өткен соң «Қыз ұзату» тойы басталады. Ауыл адамдары тойға жиналып, келін де ортаға шығады. Осы кезде қыздың бетіне орамал жабылады.
1 - оқушы: Ауыл ақсақалы болады. Ол былай деп бата береді:
Туын тіккен ынтымақ,
Отауларың құтты болсын.
Бірге жаққан бұл шырақ,
Үбір-шүбір жанға толсын.
(Әумин)
Келіннің бетін ашу рәсімі болады.
1 - жүргізуші: Шіркін, қазақтың осындай тойына не жетсін десеңші!
«Той десе қу бас домалайды» демекші тойға бүкіл ауыл жиналған тәрізді?!
2 - жүргізуші: Әрине, онсыз қалай той – той болсын?! Тойдың сәні ол ауыл адамдары, қонақтар.
1 - жүргізуші: Жүрші, біз де жақынырақ барып, қызға тілек тілеп, шығарып салайық.
Осы уақытта қыздың әке – шешесі қызын қимай жылап, бар ниеттерін айтып, ақылдарын айтып, сыңсу айта бастайды. Жүргізушілер де қыздың жанына барып: «туған ауылыңа сөз келтірмей, әдепті қыз бол» деп айта бастайды. Қызды 2 жеңгесі екі жағынан ұстап, ортаға қарай әкеле бастағанда, ауыл әжелері шашу шашып, келіннің бетінен сүйе бастайды.
Ал жүргізушілер (бұл жерде олар асаба ретінде болады) тойды барынша қызықты өткізуге тырысады.
Осы кезде «Ақ келін» әні қойылады. Қызды ауыл адамдары ұзақ сапарға шығарып сала бастайды.
1 - жүргізуші: Жарар, халқым, мұңайма, бұл қуаныш,
Осы тойың сыйласын мол жұбаныш.
Қызың кетті сапарға, абыроймен,
Бар тілекті тілейік, бір сұраныш.
2 - жүргізуші: Қызықты жыр, той – думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашалық.
Үлкендер дастархан басына отырады. Ал жастар той қызығына кіріседі. Бұл кезде әр түрлі ойындар, жасырын жұмбақтар айтылып, ән айтылып, жыр жырланады.
1 - жүргізуші: Ал қанекей жастарым,
Ойын – сауық бастайық.
Қызық – думан той жасап,
Өнерді өрге тастайық!
Бұл кезде әр – түрлі ойындар, сөзжұмбақтар немесе сырлы сандық (көнерген сөздер). Бозбалалар мен бойжеткендер өлең оқып, жарысады.
Ойыны ойнатылады.
«Сөз мерген» ойынында қойылатын сұрақтар:
1. «Шара» дегеніміз не?
(қымыз немесе сұйық зат құятын тік жақты ыдыс)
2. «Көкпар» сөзі қандай сөз?
(көк+бөрі деген екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөз)
3. Жеті атасын айту.
4. «Қымызмұрындық» дегеніміз не?
(бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы)
5. «Ағайын» деген қандай сөз?
(аға+іні сөздерінің бірігуі арқылы жасалған сөз)
2 - жүргізуші: Ойын ойнап біраз шаршаған болармыз, енді отырып ән тыңдасақ қалай, ә жігіттер?
Жігіттер: иә - иә, дұрыс айтасың.
2 - жүргізуші: Жіберші қане бір әніңді!
1 - жүргізуші: Қалағандарың болсын. Мен сендерге «Туған жер» әнін орындап берейін.
Жігіттер: Ой бәрекелді. Тамаша!
1 - жүргізуші: Ал, қалың елім қазағым,
Қоштасар да сәт туды.
Ойын – сауық, думанды,
Тоқтатар да сәт туды.
2 - жүргізуші: Кездескенше ендігі,
Сұлу қыздың тойында,
Қазағымның дәстүрін,
Сақта елім бойыңда!
Сонымен ашық тәрбие сағаты өз шымылдығын жабады.
Салтым менің – халқым менің
- bibka
- 28 қазан 2014
- 7009
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салтым менің, халқым менің, құдайы қонақ, қылғыма қонақ, қазақ халқының салт дәстүр, әдет ғұрпы
Ұқсас жаңалықтар:
Ана тілім - ардақтым
Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Өнердің түскен жолына, Жас досым саған мың сәлем....Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту....Қош келдің , әз Наурыз!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кокенова Еркежан Тлеутаиевна...Қонақжай
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.