Сайтқа кіру Тіркелу

Жасай бер қазақ тілі қазынам

Сабақтың тақырыбы: Жасай бер, қазақ тілі қазынам!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір - қасиетін дарыту.
Дамытушылық: туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге ұлттық салт - дәстүрін сақтауға, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Бастаңғы» жасау
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды тұрғызу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жүрісімен таныстыру.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Ақындар тебірене жырлайды.
3. «Бастаңғыға» шақыру.
4. Қорытындылау.
Кіріспе: Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі.
І - жүргізуші: Қазақстан - ұлан байтақ мемлекет. Өз бауырына 100 - ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының
Ата Заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар. Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
ІІ - жүргізуші: Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
І - жүргізуші: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген.
ІІ - жүргізуші: Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру баршамыздың міндетіміз.
ІІ - БӨЛІМ
І - жүргізуші: Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас - адамның мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні - әр адамның ана тілін Отанындай, туған халқындай, өз ата - анасындай сүйіп ардақтауында. Міне, сондықтан бүгінгі ақын - жазушыларымыз былай дейді.
Айбек: Қожаберген жыраудың өлеңі
Абылай «Қазақ тілі» Байбота Серікбаев
Айгерім: «Жасай бер, ана тілім» М. Қанафияұлы
Шохан: «Ана тілі» М. Айтқожан
Жанболат: «О, туған тіл» Ә. Тәжібаев
Ақбота: «Туған тілім» Д. Әбілев
Шерхан: «Ана тілі» М. Әлімбаев
Айдын: «Үш бақытым» М. Мақатаев
Ғазиза: « Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың» Ж. Нәжмеденов
Асылбек: «Қуан далам»
І - жүргізуші. Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Қазақстан Республикасы егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді. «Тіл туралы» Заң қабылданды.
І - жүргізуші: Қазақ халқы ежелден - ақ тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағындыра білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болды. Сөз бен сөз өзара ұйқасып жатады.
ІІ - жүргізуші: Үш кемеңгер дүлдүлім
Сақтаған ел бірлігін - деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Билер: Жанболат, Иманғали, Нұрмұханбеткәрім
І - жүргізуші «Тіл - құрал»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқан. Тіл арқылы біз бір - бірімізбен сөйлесеміз, ара қатынасқа түсеміз, араласамыз. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл емес пе?
ІІ - жүргізуші: Тіл - қоса алар жер мен көктің ауасын,
Тіл - айырар анасынан баласын,
Тіл - атағыңды өсірер де, өшірер,
Не тапсаң да, өз тіліңнен табасың.- дегендей кезекті көрініске береміз.
КӨРІНІС «ТІЛ»
ІІІ - БӨЛІМ
І - ж. Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз атқандай, мен әнді ұнатамын. Ақбота бір ән айтып жіберші.
ІІ - ж. Шерхан, мен жақында басқа қалаға кетемін. Сол үшін бәріңді жинап «Бастаңғы» ұйымдастырсам қайтеді?
І - ж. «Берекелі жерден мереке кетпес» деген емес пе? Бастаңғы жасасақ жасайық.
«Бастаңғы» деген не?
Бастаңғы - халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі. Үлкендер қонаққа, той секілді жиынға кеткенде, үйде қалған қыздар мен балалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра шертіп, үлкендер жоқта емін - еркін, әзіл - қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Бүл дәстүр қазақтың үлкенді сыйлау, олардың алдында ауыздарына келгенді айтып, бейбастық көрсетпеуінен шыққан.
І - ж. Ал, қыздар мен балдар! «Тойдың көркі әнменен,
Қыздың көркі сәнменен» деген «Бастаңғыға» жиналған соң әңгімелесіп, әзілдесіп отыралық. «Сөз сөзден шығады, сөйлемесе неден шығады» дейді ғой.
Кәмшат: Шерхан дұрыс айтады. Нұрланға менің бір мақалым бар. Нүрлан айтшы
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Нұрлан: Қол бастау қиын емес,
Көк наййзалы ерің болса
Жол бастау қиын емес
Соңына ерген елің болса
Бәрінен де сөз бастау қиын
Тауып айтсаң мереке болады
Таппай айтсаң келеке болады
Ақбота: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» ендігі кезекті ақындар айтысына берейік. Қыздардан Айнұр ақын шықсын, балдардан кім шығар екен.
Ақындар айтысы. Айнұр мен Абылай
Шерхан: «Өнерлі өрге жүзер деген» меніңше екеуіде тең түсті. Шіркін, қазақтың өнері - ай десеңші! Айтыс ақындарын көргенде мен де шабыттанып кетемін.
Асылбек: «Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деген Абылай досым өнерлі болсаң өлмейсің.
Айдын: Асылбек, «Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді» дегендей «өлмейсің» дегенің не? Тілің қылыштан өткір екен.
Асылбек «Аш пәледен қаш пәле» Құлағыма маза берші.
Ақбота: « Сөз қуған бәлеге жолығар «дегендей екеуіңе не болды, сөз таластырып? Оданша кезекті жұмбақ айтысына берейік.
Айгерім: Ендеше мен жұмбақ жасырайын,
Дүниеде тынбай ұшқан екі құс бар
Кім тапқыр болса соны түзу ұстар
Қуалап бір - біріне жете алмайды
Жаратқан неткен шебер, қандай іспар
Думан: Бұл айтқан күндіз бен түн
Қуады бірін - бірі оныңыз шын
Болмаса ол көк аспанда
Басады жердің бетін қараңғы түн
Иманғалы Енді менің жұмбағымды шешіп көріңдер
Жапанда бір терек бар өзі жуан
Ұлы бар үш жүз алпыс бір күн туған
Інісі қырық сегіз бір - бір ауыл
Ішінде екі ағасы асып тұрған
Ғазиза Бір терек дегеніңіз жыл емес пе?
Үш жүз алпыс баласы күн емес пе?
Інісі қырық сегіз апта емес пе?
Ал ағасы ай менен күн шын емес пе?
Шерхан « Түйеге мінген қазақ алты ауыз өлең біледі» деген емес пе, сән - салтанатымызды әнмен жалғастырайық
Шохан « Ақ сиса»
Айгерім « Сарыжайлау»
Абылай «Алатау»
Ақбота «Көзімнің қарасы»
Шерхан «Ауылым»
Иманғали «Ән көңілдің ажары» дегендей, көңіліміз көтеріліп қалды ғой. Енді далаға шығып «Ақсүйек» ойнасақ қайтеді.
Шерхан Оның дұрыс, Иманғали. Бірақ біз, ашық тәрбие сағатында тұрмыз ғой.
Ақбота Біздің де ойнағымыз келіп тұр. Одан да сабақты қорытындыласақ қайтеді
Шерхан Жанын сап, халқын сүйіп баққан тілім
Жалықпай құпиялар ашқан тілім
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім
Ақбота Бұл жанды тіл - менің азат тілім
Жадымда талмай самғар қанат тілім
Жыр - қуат, сөзі - ана уызындай
Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім – дей келе, қорытынды сөз сынып жетекшімізге беріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....
Тілім - менің тірегім

Тілім - менің тірегім

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
«Асыл сөз» зияткерлік байқауы

«Асыл сөз» зияткерлік байқауы

“Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева...
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×