«Шаңырақ сыны» сайысы
Мақсаты:
1) Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
2) Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3) Жанұя арасындағы байланыс тәрбиесі бірін - бірін сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбилеу.
Сайыс барысы:
І жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би - биленіп, әнде бүгін шырқалар.
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырып,
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бүгін міне, алдарыңызда оқушылар мен ата - аналар даярлаған «Шаңырақ сыны» сайысын көруге шақырамыз. Бүгінгі сайысқа түсетін жанұя мүшелері мен таныстырамыз. Әділ - қазылар алқасымен таныстырамыз.
І жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық
Өркениетке аяқты анық бастық
Келешекте енді мін болмайды
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып танытпасақ
ІІ жүргізуші: Кері кету есігін біз ашпайық,
Шаңыраққа біз ұранды тастайық.
Ең бірінші кезегіміз – беташар
Ал, кәнеки, шаңырақ сынын бастайық!
І жүргізуші: І кезең. Таныстыру, әр отбасы өздерін таныстырады.
ІІ жүргізуші: ІІ кезең.«Балаларын еркелету», яғни төрт түлікке, құстарға байланысты
Әр кезең сайын әділ - қазылар бағаларын қойып отырады.
Ән: «Бала тілегі»
І жүргізуші: ІІІ кезең.
«Ата мұрат – асыл қазынаң» (салт - дәстүр, әдет - ғүрыпқа байланысты тапсырма)
№ 1 Байғазы – салт - дәстүрін түсіндіріңіз?
Жауабы: «Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық.» Байғазы - жансыз дүниеге беріледі.
№ 2 Жасау – салттық мағынасын түсіндіріңіз?
Жауабы: Жасау – ұзатылатын қызға берілетін дүние - мүлкі «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем - әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.
№ 3 «Қырқынан шығару» ғұрып салтының мағынасын түсіндіріңіз?
Жауабы: «Қырқынан шығару» - әдетте баланың туғанына 40 күн толған соң, баланы ыдысқа 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашын алынып, тырнағы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды.
№ 4 «Ерулік» салтының мағынасын түсіндіріңіз?
Жауабы: «Ереулік» - ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «Ереулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйлаудың үлкен белгісі.
№ 5 «Тәбәрік» - салтының мағынасын түсіндіріңіз?
Жауабы: «Тәбәрік» - біреу ойын – тойда, бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт - дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан «тәбәрік бер» деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараңдық, дәстүр сыйламағандық болып есептеледі.
№ 6 «Көрімдік» - салт - дәстүрінің мағынасын түсіндір.
Жауабы: «Көрімдік» - жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын - жуықтардың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдағын танытудың белгісі ретінде қаралады. Көрімдік адамға, жандарға беріледі.
Музыкалық сәлем: Би: Қара жорға
ІІ жүргізуші: Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып бір төселсінші кілемің.
Ырза болып, біздер қане көрелік,
Тамашалап шаңырақтың өнерін.
Енді: ІV кезең.
«Өнер көрсету». әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді.
І жүргізуші: Шаңырақтарға жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді, енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің
Енді: V кезең.
«Мақал – мәтел» сайысы. (Ата - аналар – тәрбие туралы, балалары – оқу білім туралы)
Бірінші қағаз бетіне түсіріп, сосын айтады – ата - аналар балалар бірден айтады.
Музыкалық сәлем: Ана туралы жыр
ІІ жүргізуші: Дастарқан - ау, дастарқан
Берекелі дастарқан
Мерекелі дастарқан
Ендігі: VI кезең.
Әр жанұя өзінің мерекелік «Дастарқан мәзірімен» таныстырады.
Әділ - қазылар қорытындысын шығарғанша музыкалық сәлемді қабыл алыңыздар.
Шағын концерттік нөмірлер.
Шаңырақ сыны сайысы
- Mahmutova.akerke
- 25 наурыз 2014
- 11137
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты жоспары, сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...«Қыз - ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының сценарииі
Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен...Ынтымақты отбасы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....Әжелер мен немере
Тақырыбы: «Әжелер-көңілдің ажары, Немере-өмірдің базары»...Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.