Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратып, иосия патша өзгерістер жасауға тез әрі құлшыныспен кірісті.
Шығудың б. д. д. V ғасырда қалыптасқан соңғы мәтінінде Құдай Синай тауында Мұсамен одақ немесе шарт жасасқаны айтылған (бұл шамамен б. д. д. 1200 жылы болған деп болжанады).