Сайтқа кіру Тіркелу

Құдайтану баяны: Бір құдай

Құдайтану баяны: Бір құдай
Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратып, иосия патша өзгерістер жасауға тез әрі құлшыныспен кірісті. Сол сәтінде ғибадатханадағы бейнелер, пұттар мен құнарлылық символдары түгел сыртқа шығарылып, отқа жағылды. Оған қоса, иосия киелі орыннан Асираттың үлкен мүсінін шығарып тастады және ғибадатханалық жезөкшелердің әйел құдайға арнап киім тігетін бөлмелерін қиратты. Бүкіл елде пұтқа табынушылық орталықтарына айналған көне ғибадатханаларды жою қолға алынды. Тазартылған Иерусалим ғибадатханасында тек Яхвеге арнап құрбандық шалуға рұқсат етілді. Иосия реформаларынан үш ғасыр өткеннен кейін қолына қалам алған жылнамашы осы бір сұрапыл діндарлықтың екпінін былай суреттейді:
«Оның (Иосия) көз алдында Ваалдың құрбандық шалу орындары мен олардан биік тұрған мүсіндерді қиратты; арнау ағаштарын да кесті; оюлап және құйып жасаған пұттарды да бұзды; оларды күл - талқан етіп қиратты да, құрбандық шалғандардың табыттарына төкті. Абыздардың сүйектерін құрбандық орындарында өртеп, Иудея мен Иерусалимді тазалады. Манассия, Ефрем, Симеон қалаларында да, тіпті Наффалим тайпаларында да, олардың қаңыраған маңайында да жалғастырды. Ол құрбандық орындары мен арнайы ағаштарды, пұттарын күл - талқан етті де, Израил жеріндегі барлық мүсіндерді қиратып тастады...).
Құдайлардан әрі биіктеп кеткен Будда оларға жайбарақат қарым - қатынасын жасайтын, енді осыған мүлде қарама - қайщы жағдай белең алды. Аяусыз қиратудың астарында жеккөрініш жатты, ал ол өз кезегінде күйзелістен туған абыржу мен үрейден тамыр тартты.
Реформаторлар Израилдың бүкіл тарихын қайта жазып шықты. Иисус Навин, Қазылар мен Патшалықтар туралы тарихи кітаптар жаңа идеологияға сәйкес өзгертілді. Кейін Бес кітап түзетушілері әлемге Шығу туралы баяндаған J мен E хикаяларына «Қайталанған заң» мәніне жақын фрагменттер қосып, толықтырулар енгізді. Ендігі жерде Яхвенің өзі израилдықтарды Ханаанға қарсы соғыс ашуға және оның тұрғындарын жоюға үндеді. Көбінесе жергілікті ханаандықтар өз елдерінде тіршілік етпеуі керек деп айтылды. Иисус Навин бұл құдайлық бұйрықты қасиеттіліктен жұрдай құлшыныспен орындады:
«Осы кезде Иисус Навин келіп, Хевронда, Давирде, Анавада, иудеяның және израилдың барлық тауында Енакимдерге соққы берді. Енаким қалмады; Газа, Гафа және Азотта ғана қалды».
Ақиқатында, бізге Ханаанды Иисус Навин мен Қазылардың жаулауы туралы ештеңе де белгілі емес. Бір нәрсе ғана белгілі: қан судай тасып ақты. Ендігі кезекте бұл сұмдық қырғынның діни негіздемесі пайда болды. Әлдебір Исайяның асқақ әуезімен ауыздықталмаған құдайлық таңдау идеясының қауіптілігі Бір Құдайға табынушылық тарихында жиі - жиі болған діни соғыстардан айқын көрінді. Құр пендешілік тұрғысынан Құдайды күрес символына айналдыруға болады, ол адамдарды өз кемшіліктері туралы ойлануға итермелейді. Бірақ қарақан басының жеккөрініш сезімін ақтап алу үшін Құдай идеясын пайдаланып, сол арқылы жауыздықты шегіне жеткізу оңай нәрсе емес. Бұл тұрғыдан қарағанда, Құдай тура өзіміз сияқты әрекет ететін болып шығады. Мұндай Құдай өзін - өзі аяусыз сынауды талап ететін Амос пен Исайя Құдайынан әлдеқайда жағымды және мәшһүр болады.
Көбінесе еврейлерге олардың Құдайдың таңдаулы халқы болғанына сенетіні үшін айып тағады. Бірақ оларды айыптайтындар тәураттық замандарда пұтқа табынушыларға наразылық танытқан ымырасыздықтан аумайтын қағидаларды басшылыққа алады. Барлық үш монотеистік дін өз тарихтарының түрлі кезеңдерінде өздерінің үстемдігінің осыған ұқсас теологиясын жасаған. Олардың нәтижелері «Иисус Навин кітабындағы» қорқынышты жағдайлардан да сорақы болды. Әсіресе Батыс христиандары өздерінің ерекше болмысын мақтаныш етті. ХІ - ХІІ ғ. ғ. крестшілер өздерін бұрынғы еврейлердің орнын басқан «таңдаулы халықпыз» деп, яһудилер мен мұсылмандарға қарсы «қасиетті» соғыстарын ақтауға тырысты. Иаңдаулы туралы кальвинистік теология өз уақытында америкалықтарға өз ұлттарының Құдай алдындағы ерекшелігіне деген сенімдерін күшейткен маңызды фактор болды. Яһуди патшасы Иосия уақытындағыдай, мұндай сенім көбінесе саяси тұрақсыздық кезінде, адамдардың бойын өз өмірі үшін қорқыныш билеген тұста туындап отырған. Индивидуализм идеясының қазіргі таңда яһудилер, христандар мен мұсылмандар арасында фундаментализмнің көптеген түрлерінің туындауына себепші болып, жаңа серпіліс беретіні содан шығар. Әсіресе құрсауда қалып, тығырыққа тірелген эгоизмді күшейту қажет етілгенде, Яхве сынды тұлғалы Құдайды оңай басқаруға болады, алайда Брахман сынды кейіпсіз Құдай туралы бұлай дей алмайсыз. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

ХІХ ғасырда Інжілді зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап – «Болмыс», «Шығу», «Левит», «Сандар» және «Қайталанған заңның» - төрт дереккөзін...
Құдайтану баяны: Әуелгіде

Құдайтану баяны: Әуелгіде

Жаңа құдайлар бір - бірінен жұбымен пайда болды және құдайлық эволюция барысында әрқайсысы айқынырақ кейіпке ене бастады. Алғашқы болып Лахму және...
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Шығудың б. д. д. V ғасырда қалыптасқан соңғы мәтінінде Құдай Синай тауында Мұсамен одақ немесе шарт жасасқаны айтылған (бұл шамамен б. д. д. 1200...
Құдайтану баяны: Әуелгіде

Құдайтану баяны: Әуелгіде

Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда отбасындағы...
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы

Рухани жетілу сатысындағы «толық адамның» материалдық даму сатысындағы «адамнан» бірнеше айырмашылығы бар. Әулиелер мен қарапайым адамдарды ажырату...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×