Серікова Назерке РымбекқызыШығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
"Құрылыс колледжі" коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
физика, информатика, электротехника пәндері оқытушысы ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУШІ ПӘНДЕР БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС САЙЫС-САБАҚТақырыбы:«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»Түрі: Сыныптан тыс сайыс – сабақ.
Типі: Оқушылардың білімдер, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру, жинақтау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы білім беруші Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, Экология, Электротехника, Информатика, Астрономия пәндері бойынша 3 жылдық білім деңгейлерін тексеру арқылы, осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;
Дамытушылық: Оқушылардың ІІІ курс бойынша алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жеткізу білуге үйрету.