Сайтқа кіру Тіркелу

Microsoft Power Point программасын қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point программасын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Сабақтың түрі: Білімді қорытындылау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1-кезең. «Көкпар»ойыны. Сынып 2 топқа бөлініп, бір-біріне өткен сабақтардан сұрақтар қояды.

1-топ Принтер, 2-топ Сканер. Екі топ басшысы сұраққа жауап берген оқушыларды бағалайды.
2-кезең. Шығармашылық кезең. Әр топ өздері белгілі бір тақырыпта слайд дайындап оны таныстырып, қорғайды.
3-кезең. Өзін-өзі тексеру. Әр топқа 5 сұрақтан тұратын тест берілді. Тесті топ басшылар жинап алып тексереді. (топ басшысы қарсылас топтың тестін тексереді).

1. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалады;
В) презентация көрсету тәсілдері таңдалады;
С) презентация шығару материалының форматы таңдалынады;
Д) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, слайдта жазылатын мәліметтер.

2. Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
В) презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді;
С) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
Д) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді;

3. Бетке ескертпе жазу режимі қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
В) презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді;
С) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
Д) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді;

4. Анимация эффектілері дегеніміз не?
А) мәтін элементтерін жеке-жеке әр түрлі эффектімен шығару;
В) обьектінің жеке-жеке элементтерін әртүрлі эффектімен шығару;
С) обьектіні әртүрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау;
Д) слайдтарды тізбектеп қатар орналастыру;

5. Анимациялық эффектілер қосу әрекеті қалай орналасады?
А) слайдты көрсету-анимация қосу командасын орындау арқылы;
В) слайдтағы обьектіні жанама менюімен Анимацияны баптау командасын орындау арқылы;
С) саймандар тақтасында Анимациялар эффектілері батырмасының көмегімен;
Д) құрылымдық режимге көшіп, слайдты көрсету-анимация қосу командасын орындау арқылы;
4-кезең. Жарнама. Power Point программасында 1 минуттық ролик дайындайды. Принтер тобы компакт дискіні жарнамалады. Сканер тобы флэшканы жарнамалады.

5-кезең. Әр топтың басшысы бағалау парағын толтырып қарсы топтың әр мүшелеріне бағаларын айтады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×