Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік.
Алдыңғы арбадағы шелек танау сарша жігіт осылайша әндетіп келеді. Темір белдікті, пұшық арбаның үстіндегі құрым киіз күркенің ішінде бүк түсіп жатқан кемпір, бетіне қонған шыбынды тырысқан саусақтарымен анда-санда бір жасқап қояды.