Сайтқа кіру Тіркелу

Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстар туралы білімді пысықтау, бір-бірімен генетикалық байланысын көрсететін реакция теңдеулерін жаза білу, формулаларды ажыратып, заттарды атай білу, тарау бойынша білімдерін бекіту. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту.

Қышқылдар

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ.
Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
Оқыту мақсаты:
1)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан
тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
2) дамытушылық.Оқушылардың қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
3) тәрбиелік.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.

Алюминий және оның қосылыстары

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ.
Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Екідайлы элементтер жайлы білімді сатылай кешенді талдай отырып дамыту. Алюминиийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін,қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет алу.

Сабақтың міндеті: 1.Екідайлы элементтер табиғатын оқып-үйрену
2. Алюминиий оның қосылыстарымен танысу
3.Тірек-сызбаны есеп шығаруда қолдана білу

Сабақтың әдісі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау технологиясы
Көрнекілігі: Периодтық кесте, қымбат, бағалы тастар (жинақ), тау жыныстары(жинақ),
Al сымды қыздыру(44 сурет). Алюминий (жинақ), Al қолдану (45 сурет)

Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру

№44 орта жалпы білім беретін мектеп
Баяндама тақырыбы:
«Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру»
Химия пәні мұғалімі: Орынова Г. Е.
Орал-2012
«Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру»

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Оксидтердің аталуы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы
химия пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»

Сабақтың мақсаты:
білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту;
тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Химиялық элементтер-өмір өзегі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Бекарыстан би кеңшары
Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
биология пәні мұғалімі Сансызбаева Роза Мұхтарқызы
Қолданбалы курс: «Химиялық элементтер -өмір өзегі.» 10-сынып

Бағдарламаға түсінік хат

І. Курстың мақсаты: 1.Мектеп курсында алған білімін кеңейту және тірі организмдер үшін химиялық элементтердің маңыздылығын ұғындыру.
2. Оқушылардың өз бетінше ойлау, іздену, шығармашылық қабілетін дамыту.
ІІ. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Жұмыс дәптерінің болуы, танымдық іс-әрекетін,компьютер техникасын пайдалану.

Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы
№33 жалпы білім беретін орта мектеп
Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна

Сабақтың тақырыбы «Қышқылдардың химиялық қасиеттері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қышқылдардың химиялық қасиеттерімен таныстыра отырып, олардың индикаторға әсері және металдардың кернеу қатары туралы мағлұмат беру. Күрделі заттардың жаңа өкілі қышқылдар, оның құрамы, қасиеттері арқылы жаңа білім қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік міндеті. Лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге, зертханалық жұмыстар жүргізе отырып,бақылауға, талдауға, қорытынды жасай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт қышқылы) металдар (Zn, Mg,Fe,Cu), индикаторлар,мыс оксиді, шыны таяқша, сынауықтар.

Фосфор

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы
№33 жалпы білім беретін орта мектеп
Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна

Сабақтың тақырыбы. Фосфор.

Сабақтың мақсаты. Фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, аллотропиялық түр өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарымен танысу. Фосфордың химиялық қасиеттері мен қолданылуын қарастыру.
Құралдар мен реактивтер: Қызыл фосфор, құты, сынауық, штатив, зат жағатын қасық, спиртшам,су, индикаторлар.

«Металдар» тақырыбын оқыту

№ 2 Арал кәсіптік лицейінің
химия-биология пәні оқытушысы
Айназарова Ақмоншақ

«Металдар» тақырыбын оқыту

Әрбір сабақты халықтық педагогикамен байланыстыру өту – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің алға қойған өзекті міндеттерінің бірі. Осы мақсатта «металдардың» периодтық жүйедегі орны, олардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері тақырыбын өткенде халықтық педагогиканың элементтерін қолдауды жөн көрдім.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×