Күн салқындағаннан тамақ жыбырлап, жөтелдің күшейетін әдеті. Өйткені ол бірнеше жылдан бері созылмалы бронхитпен ауыратын. Бұл аурудың қандай азап екенін осындай диагнозы бар адамдар жақсы біледі.
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай ішкенде бір ас қасық қосып ішіп жүрсеңіздер еш артықтығы жоқ.
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут қайнатады.
Қазір үлкенде де, кішіде де кездесетін остеохондроз негізі ем қонуы қиын ауру. Ол асқынса басыңызды бүріп ауырғаннан бастап белді қақсатып, тіпті табаныңызға дейін белгі беретіні бар. Оны асқындырмау керек.