Жаңбыр суымен емделіңіз
Ерекше бір рецептпен бөлісейік. Бұл оңай, әрі «қызық» амал. Дегенмен көмегі күшті, өзіміз қолданып көрген соң жазып отырмыз.
Жаңбыр (немесе қар) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз. (Көз мөлшерімен айтқанда, ас қасықты тым толтырмай, бетімен тегіс болып келетін тұз шамамен 30 грамм болады). Емге керек 9 пайыздық тұз ерітіндісі дайын. Енді стерильді дәкені 8 қабаттап, осы ерітіндіге малып, сәл ғана сығып алады да, ауырған жерге басады. Жылуы басылмай тұрып сыртынан қойдың таза жүнін ораңыз. Ол үшін, әрине, жүнді алдын - ала әзірлеп алған дұрыс. Оның сыртынан жылы орамалмен орап тастайды. Клеенка қолдануға болмайды. Компресті түнге қарай жасап, таңертең шешеді.
Оп - оңай бұл рецепт несімен пайдалы? Тізенің сықырлауы, қақсауы, буындардың ісінуі тез басылады, компресс сүйекке өткен суықты тартады. Оны ауыр жұмыс немесе жарақаттан болған омыртқа, бел, құйымшақ, жамбастағы ауырған жерге жасаса жәрдемі бар. Мойын остеохондрозында да жақсы көмектеседі. Шыққан, сынған сүйекке де тұз компресін тартады. Көгерген жер тез жызылсын десеңіз де осы компресті жасаңыз. Суықтау салдарынан дене дел - сал болып, бұлшық еттер сырқырап ауырғанда да осы тұз ерітіндісімен емделіңіз.
Бұл сонау XV ғасырдан – Өтейбойдақ бабамыздың дәуірінен келе жатқан ем түрі. Тұзды ерітінді мен қой жүнінің жылуында денедегі суықты, тұзды, токсинді тартатын ерекшелік бар, оны өзімізге жасағанда байқадық.
Айтпақшы, жаңбыр (қар) суының орнына дистилденген су пайдалануға да болады. Компресті кемі 5 - 7 күн жасаған дұрыс.
Жаңбыр суымен емделіңіз
- ramuk_b
- 26 қыркүйек 2024
- 336
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңбыр суының шипасы, емдік қасиеттері, халық емі арқылы емделу
Ұқсас жаңалықтар:
Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Қар суымен емделіңіз
Қар (немесе жаңбыр) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз....Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Қара қойдың өкпесімен емдеу
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды....Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Сәуір болмай жауын болмас, Жауын болмай тәуір болмас....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.