Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні екен. Пайғамбар топан су апатынан аман қалғанына шүкіршілік етіп, Құдайы тамақ бермек болады.
Наурыз – көктем мен жаңарудың, молшылық пен татулықтың мерекесі. Бұл мереке көне заманнан бері Орта Азия, Кавказ, Иран, Түркия сияқты көптеген елдерде тойланып келеді.