Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын» (би, болыстар алатын салым) алымдары бүкіл Шыңғыс айналасындағы кедейлерді зор қақсататын.
Шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бүгін бұл ауылда бір үлкен әбігер бар. Жаңа үйлер көптеп тігілген. Жан-жақта қыз-келіншектер ас-мәзір дайындауда.