Қарашығын
Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын» (би, болыстар алатын салым) алымдары бүкіл Шыңғыс айналасындағы кедейлерді зор қақсататын. Осы салықты жинау үшін қаладан ұлықтың өзі Никифоров келіп түсті. Ол Бөкеншінің Ақтомар жайлауына келген. Әр ауылдан қарашығынды жинап алу үшін сотқар Далбай мен Дүйсен деген орта жастағы кісілерді жіберген. Олар Базаралының ауылына келіп түсті де, кедейлердің малдарын тартып жинай бастады. Бұл ауыл Жігітектің Суықбұлақ жайлауында болатын. Сержан, Әбді деген жігіттер бұл істі көріп, екеуін де ұстайды да Базаралының алдына алып барады. Базаралы олардың бөксесін жалаңаштатып, қамшылауға бұйрық етеді. Сол кезде екі сотқар ойбайлап, жалынып кетеді. Содан кейін Базаралы өз ауылынан ешқандай салымның алынбайтынын нақты айтады және бұл жағдайды ешкімге айтпауы үшін оларға ант іштіртіп, Құранды сүйдіртеді.
Далбай мен Дүйсендердің сауаты жоқ болатын. Себебі олар сүйген кітап Құран Кәрім емес, Абайдың өлеңдер жинағы болатын. Осылай Базаралы ауылы биылғы шығыннан құтылып кетті. Бірақ басқа ауылдың кедейлері барлық малынан айырылып жатты. Соның бірі Тәкежан ауылы болатын. Ұлы Иса қайтыс болғаннан кейін, оның әйелі де көпке бармапты. Иіс кемпір екі жетім немересімен қалған. Ол немерелерін жалғыз көк сиырымен асырап келетін еді. Сол сиырын да қарашығын үшін алып жатқан кезде артынан Иіс кемпір зарлап, қарғап жатты. Жақын маңда жүрген Дәрмен мен Баймағамбет айқайды есітіп шауып келеді. Дәрмен ақырып, белінен пышағын алады да, әкетіп жатқан көк сиырдың жібін кесіп жібереді. Сол кезде Далбай атта шауып келіп, Дәрменді қамшының астына салады. Дәрменнің беті қан жоса болады. Баймағамбет лезде атына мініп, Абайды шақырғалы шауып кетеді. Сол кезде әскери киімін киіп жүрген Әбіш асыға жүгіріп келіп, ызамен Далбайды құлатып жіберіп, жерде сүйрете бастайды. Содан кейін Абай да келіп қалады. Мына жақтан ұлық Никифоров та шуды есітіп, келіп жеткен екен. Жанжалды тоқтатып, Абай кедейлердің малдарын қайтарады. Олардың орнына байлардың малдарын алдыртады.
Болған оқиғадан кейін Абай өз үйінде көп ойланып жатты. Россияда алты - жеті жылда осындай кедейлердің салығынан, жүдеуліктен патша үкіметіне қарсы үш жүзге жуық көтерілістер мен дүмпулер болған екен. «Неге бізде де болмасқа, басшы жоқ па?», - деп, ол өз - өзіне көп түңілді. Кейін Оспанды шақыртып алып, қатты ұрысады. «Өзің болыс бола тұрып, ел қиындығына қарамайсың», - деп ақырады. Оспан ағасының алдында қатты қысылып, бәрін қайта қарауын айтады.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25
- ramuk_b
- 9 мам 2018
- 1941
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы романы 3 том, қысқа мазмұны, Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романы, мазмұны қысқаша Абай жолы
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №28
Күз түсіп қалған. Биыл жатақтың алпыстай үйі Тайлақбай құдығының маңында егін еккен. Егіншілер арасында Базаралы, Абылғазы және Дәркембайлар бар....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №22
Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан ауылы үстіне кеп қонады....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21
Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20
Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын"...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.