Кек жолында
Дәл Тәкежанның жылқысын шапқан күні Ақшоқыда Абай іні - достарымен Лермонтовтың «Вадим» және «Демон» дастандарын талқылап жатты. Кешке қарай Ақылбай келіп қалды. Бұл кезде Ақылбай бөлек қыстау иесі болатын. Оның отауы Аралтөбе, Миялы деген жақтарда жайғасқан. Ақылбай ішке кірісімен Тәкежанның жылқысына жау шапқанын айтты. Үй іші ду етіп, бәрі Ақылбайға қарап қалды. Абай бұл істі Базаралы істеген соң, Тәкежан мен Жігітек ауылдары арасындағы шөп дауынан екенін түсінді.
Тобықтының жуандары Семейге аттанып бұл дауды ел билері шешуін ояз Казанцевтен сұрап қайтты. Себебі, Базаралыны соттап, каторгаға айдап жіберсе, Тәкежанның сегіз жүз жылқысы соның құнына кетіп қалады деп шошынды. Сөйтіп, қаладағы Тінібектің туысқаны саудагер бай Нұркенің үйіне Тобықты, Керей, Уақ, Сыбаннан ел жуандары мен билер жиналды. Ол жерге Базаралы да Сарбас пен Әбді деген сенімді жігіттерді қасына ертіп барды. Жиналған билердің барлығы Тобықтының жақтастары болып шықты. Аз бөгелмей сұрақ - жауап өткізілді. Тіпті Базаралыға ілескен қырық жігіттің аты - жөнін сұрап еді Базаралы: «Бұны бастаған мен, жауапты да мен аламын», – деп қайырды. Істің соңы Жігітек руындағы түгел ауылдар сегіз жүз жылқыны екі еселеп қайтаратын болып шешілді. Жігітектің Үркімбай, Байдалы, Жабай секілді бай ауылдары қайтымнан аман қалысты. Ал мың алты жүз жылқыны өңшең кедей - кепшік ауылдар қыс бойы жазға шейін төлеп бітті. Сол ауылдар тегіс аш - жалаңаш, жоқ - жітік, жүдеулікке түсіп қалды.
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №23
- ramuk_b
- 4 мам 2018
- 1884
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы романы 3 том, қысқа мазмұны, Мұхтар Әуезовтың Абай жолы романы, мазмұны қысқаша Абай жолы
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №22
Алғашқы қар жауып, ел қыстауларына көше бастады. Тәкежан жинатып қойған майяларды Дәркембайлар тасымақ болып еді, Тәкежан ауылы үстіне кеп қонады....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21
Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20
Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын"...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9
Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.