Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
- 23 сәуір
- 37297
- Бастауыш сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ
Жомартова Назым Нурхасымовна
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі 2 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.