Павлодар қаласы
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ
Жомартова Назым Нурхасымовна
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі 2 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І) Қызығушылықтарын ояту
1.Психологиялық дайындық (слайд-2)
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
А)4-жаттығу, 152 бет
«Күннің көзін» бұлттан арылту» ойын - жаттығуы арқылы тексеру
Күннің көзін бұлттар жауып тұрады.Әр бұлттың артында «Өтініш» мәтіні бойынша сұрақтар жазылып тұрады.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Нұрдәулет қандай оқушы?
2. Нұрдәулеттің қандай жаман әдеті бар?Мысалмен дәлелде.
3. Нұрдәулеттің үндемей қалуының себебі неде?
4. Нұрдәулет неге өкінді?
5. Нұрдәулеттің қылығына қандай баға бересің?
Ә) Өкініш сөзінің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен жазу
ӨКIHIШ – Белгiлi бip сәтсiздiкке байланысты болған уайым, опық, pенiш, кейiс. Оpны толмас
3) Өткенді еске түсіру (слайд-3)
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.
4) Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту (слайд-4,5,6)
Мысық - мысықтар,
Аспаз - аспаздар,
Кітап - кітаптар.
5).Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ.Мағынаны ашу
1) Дәптерге күнді жазу
2)Көркем жазу (кК қҚ)
3)Оқулықпен жұмыс
3-жаттығу, 154 бет
1.Мұғалімнің оқуы
2.Іштей оқу
3.Дауыстап оқу
4.Сөздік жұмыс (слайд-7)
ЖОТА – 1. Тау қырқасы, жал, үстірт. 2. Адамның, малдың арқасы, жоны.
ҚИЯ – Бip жағына қарай қисайған, құлама, тік. ~ жартас, ~ бет, ~ жол.
5.Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазу
Бұлттар, боталар, жоталар (тақтада орындалады)
6.Сөз құрамына талдау
4) Сәйкестендіру тесті
Іні...............................лар
Қарындаш.................лер
Терезе........................дар
Ағаш...........................дер
Жіп..............................тар
Жүзім..........................тер
(жұмыс әдісі:жеке - жұп, жария ету)
5).Сергіту сәті
6) Семантикалық карта (слайд-8) и/б тақтамен тексеру
7) «Алдар Көсе мен ұры» ертегісінен үзінді көрсету
Ертегідегі зат есімдерді «ішіне - сыртына» кестесіне толтыру
Ішіне (з.е. жекеше түрі)
Кітап
Қой
Ат
Домбыра
Ұры
Сыртына (з.е. көпше түрі)
Шыршалар
Сыйлықтар
Гүлдер
8) Оқулықпен жұмыс (дәптерде орындайды)
4-жаттығу,154 бет
1.Сөйлемдерді оқы.
Көптік жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып жаз.
Бақалар - бақа,
бозторғайлар - бозторғай,
саятшылар - саятшы,
аңдар - аң,
қасқырлар - қасқыр.
ІІІ.Рефлексия. Қорытындылау
Балалар, бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары» арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не алғандарын күн шуақтарына жазады.
Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады
ІV. Үйге тапсырма беру.
4-жаттығу, 154 бет аяқтау; ізденушілік тапсырма «Жергілікті белгілер бойынша бағдарлау» мысалдар жинақтау
Үлгі: Құмырсқа илеуін тастың, ағаштың күн көп түсетін оңтүстік жағына салады. 5-жаттығу 154 бет
V.Бағалау.
Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
- Жомартова
- 23 сәуір 2012
- 37296
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, зат есім, жекеше, көпше
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының...Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгул Хабесқызы...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.