Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келіп, әрбір Қазақстан азаматының назарын ерекше аударды. Ел президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен қиыншылықтары мен өзгерістеріне тоқталып, еліміздің әлеуметтік дамуын, ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап, ел тағдыры үшін маңызды бағыттарға тоқталып өтті.