Біздің мақсатымыз
- 24 мам
- 3980
- Оқушыларға
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің
10-сынып оқушысы
Біздің мақсатымыз
Осыдан қаншама жыл бұрын Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының "Серке" газетінде "Біздің мақсатымыз" атты мақаласы жарияланып еді. Ол кездегі мақаланың негізі де, арқауы да қазақтың ел болып ұйысуын қалыптастыру, елді бірлікке шақыру болатын. Ал биыл еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. Сол себепті мен сол кездегі уытты мақаланы халық жадына тағы да түсіріп, өткен мен бүгінге сарап жасасын деп ойладым. Мақаламның атын осылай алуымның себебі де сол. Өткен күндерді ой елегінен өткізіп, оймен бағалап, байыбына жете қарасақ, тәуелсіздікке жету жолында нелер болмады, қандай қиыншылықтар өтпеді, кімдер келіп, кімдер кетпеді! Осынау адам ойы жеткісіз ұзақ жылдар шегінде қазақ не көрмеді! Айбынды батырлар да, қайратты қаламгерлер де, өткір тілді билер де осы жолда құрбан болды. Ал қазір, тарих бетіне ұрпақ көзімен қарасақ, бәрі де демде өтіп кеткен ертегі тәрізді. Біздің бүгінгі таңда осындай егеменді елде, ынтымағы мен бірлігі жарасқан халық арасында туғанымызға тіпті сенер сенбесіңді білмейсің. Сол уақытта біздің мақсатымыз не болды, ал қазір қандай?