Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт тілеймін. Мейірбаным жан анам.
Бала емізіп отыр ана, ойын бөлмей басқа түк, Бұл минуттан басқалардың көксегені бос бақыт. Бала емізіп отыр ана, бір өмірді алға алып, Мейірімі күн нұрындай махаббатқа жалғанып!