Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен.
Сәуірде көтерілер рахмет туы, Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы. Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп, Жайылар жер жүзіне қардың суы... Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.