Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып,
Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі: өнеге сағаты
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің шығармашылығына байланысты слайд, шар,
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
- Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі әдеби, танымдық кешіміз ағартушы - педагог, балалар жазушысы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері қайраткері Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған.
Өнеге сағатымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Ы. Алтынсарин кім?»
2. «Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы». Сахналық көрініс
3. Зияткерлік тест. «Адасқан сөздер»
4. Сәйкестендіру «Шығарма аты мен үзіндісі»
5. Мақал - мәтелдер
6. «Қазіргі заманауи заман мен Ыбырай»
7. Викториналық сұрақтар
Өнеге сағатымызды Ыбырайдың атасы Балғожа бидің баласына жазған хатымен бастасақ, ол үшін 6а сынып оқушысы Дүйсен Ж шақырамыз.
Мұғалім:
Ыбырай ата - қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақ мәдениетінің зор қайраткері, жазушы, тұңғыш қазақ мектебін ашушы, кемеңгер ақын, өнер - білімнің жалынды жаршысы, ғалым, халық қамқоршысы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, өнегелі ұстаз, ұлы педагог, халық мақтанышы, аудармашы, этнограф, фольклоршы, ағартушы - ұстаз, озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді өнерпаз.«Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы» дейміз, ендеше сынып оқушылары дайындаған көріністерге кезек берейік.
Отбасы тәрбиесі, негізгі тірек – ана, әке».
Осы ойымыздың дұрыстығын таныту үшін сіздерге отбасы тәрбиесі шын мәнісінде көрініс беретін мына шығармаларынан көрініс көрейік.
6 «А» сынып - «Бақша ағаштары»
«Бір уыс мақта»
Әке мен ана – баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
Тіршілік тірегі - еңбек.
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т. б.
8 «ә» сынып «Әке мен бала»
9 «А» сынып «Бай баласы мен жарлы баласы»
Тәрбие басы – тал бесік.
Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата - ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата - ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т. б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған, көрген адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
8 «А» сынып «Асыл шөп», «Талаптың пайдасы»
Зияткерлік тест
Шашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған?
А) ауырды, жәшігім, салдым, мен, ішіне, жеңілдететін, бір, шөп. (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)
Ә) барында, жоқ, бағу - қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу - қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)
Б) тап, көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың)
В) Жанды - жансыздардың болмайды керексізі жаратылған дүниедегі ешқайсысының (Дүниедегі жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының керексізі болмайды)
Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.