Лао - Цзы (Ли Эр, Лао Дань, Лао Лай - Цзы) (б. д. д. VI - V ғ. ғ. Қытайдың оңтүстігіндегі Чу патшалығы) Ұлы қытай философы, «Қарт нәресте» немесе «Дана қарт» деген атқа ие болған.
Ежелгі қыай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал елу жасында өз мектебін қалыптастырады.