Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.
Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да талқан сезімге алқынып жүрген кезімде, жанашырларды қайғыртып дал қылып жүрген кезімде, жер менен көктен жай таппай шарқ ұрып жүрген кезімде, жолықтың маған, жақсы Адам, ерекше тұлғаң басқадан.