Мен сені жүретінмін мақтан көріп,
қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып.
Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін,
жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің.
Аңқау да аңғал жансып жүретінсің,
сезімтал, сырды айтқызбай білетін шын.
Әрқашан ақ көңілмен қарсыладым,
ерсілеу қылығыңа сан шыдадым.
Жүрдім мен өзің жайлы ойым дырдай,
гулеген өсектерге мойын бұрмай.
Арам да достарыммен кетті алыстап:
сен мені бөліп алдың шеттеп ұстап.
Қайғырсаң, жүрді жаным жай таба алмай,
дұшпаннан бар кегіңді қайтарардай.
Мұңайсам, қайғы қостың үстемелеп,
бел бусам, дедің-ау сен: "Күш не керек!?"
Жарқ етсе бір жақсы ісім, теріс дедің,
мен сосын оның бәрін кері істедім.
Көрсетсем бір жат қылық, мақтадың кеп,
мән беріп оған бірақ жатпадым көп.
Білмедің түбі жырақ кетерімді -
өзің-ақ мені сұмдау етеріңді.
.. .Өзіңсіз қазір тіпті жайлы маған,
тек қана сенің үшін қайғыланам.
Бүйтпес ең, бар-жоғымды ескермес ең,
өзіңнен биіктігімнен сескенбесең...
Мен сені жүретінмін мақтан көріп
- ramuk_b
- 14 қаңтар 2019
- 1306
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен сені жүретінмін мақтан көріп, Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім....Қызғыш құс
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айрылып, Жалғыздықпен болдым дос....Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....«Аға!» - дедің, бұрылдым
«Аға!» - дедің, бұрылдым Ұп-ұзын екен бұрымың. «Аға!» - дедің, қарадым: Жарқылдап тұр жанарың....Ақтөбе – сүйікті мекенім! (оқушы шығармашылғы)
Ақтөбе, туған елім – мекенім Сені мәңгі құрметтеп мен өтемін Ыстық маған суың, тасың, тауларың Әрқашан да сені мақтан етемін!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.