Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды.