Сайтқа кіру Тіркелу

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінде жаңа оқу жылы басталды

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінде жаңа оқу жылы басталды

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің әртүрлі елдерінен, атап айтқанда, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және басқа да мемлекеттерден келген шетелдік тыңдаушылар үшін сабақтар басталды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың қазақ және орыс тілдерін терең меңгеруін қамтамасыз ету, сондай - ақ университеттің негізгі факультеттерінде одан әрі білім алуға қажетті пәндік даярлықтан өткізу. Бағдарлама шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін нөлден бастап үйренуге мүмкіндік береді. ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі кафедрамызда оқу – шетел азаматтарына тілдік ортаға бейімделуге, Қазақстанның білім беру жүйесіне үйренуге және университеттік ортаға енуге көмектесетін бейімделу мен академиялық білімнің маңызды көпірі.
Тыңдаушылардың жоғары академиялық жетістіктерге жетуі үшін Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының тәжірибелі оқытушылар құрамы бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асырады:
1. Қарқынды тілдік даярлық. Тілді нөлден бастап меңгеру, яғни қазақ және орыс тілдерінде оқу, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларын кезең кезеңімен қалыптастыру. Даярлық базалық деңгейден (А1/А2) бастап тілді еркін меңгеру деңгейіне (В1/В2) дейін жүргізіледі.
2. Тілдік кедергіні жою. Күнделікті коммуникативтік тәжірибені ұйымдастыру, тілдік ортаға ену және оқудың алғашқы күндерінен бастап тыңдаушыларды белсенді диалогтік қарым - қатынасқа тарту.
3. Әлеуметтік - мәдени бейімделу. Университеттік ортаға интеграциялану, жоғары оқу орнының құрылымымен, кітапхана ресурстарымен, тұру ережелерімен және оқу тәртібімен танысу, Алматы қаласындағы өмірге бейімделу, Қазақстанның мәдениетімен, тарихымен және дәстүрлерімен танысу. Сонымен қатар өзара құрмет пен халықаралық достықты нығайтуға бағытталған мәдени - ағартушылық іс - шаралар, экскурсиялар және кураторлық сағаттар өткізіледі.
Бағдарламаны аяқтап, қорытынды емтихандарды сәтті тапсырған тыңдаушыларға университеттің таңдаған факультеттерінде білімін жалғастыру құқығын беретін сертификат табысталады.
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының барлық тыңдаушыларына оқуда табыс, жаңа жаңалықтар мен жетістіктер және қазақ және орыс тілдерін меңгеру жолында жеңіл әрі нәтижелі оқу үдерісін тілейміз!

М. П. Ешимов, К. С. Якубаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдік ты ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдік ты ...

2023 жылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы...
Білім кеңістігіндегі Қазақстан – Жапония ынтымақтастығы

Білім кеңістігіндегі Қазақстан – Жапония ынтымақтастығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды ғана емес, түрлі елдер мен мәдениеттерді байланыстыратын халықаралық білім ордасы....
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×