Сайтқа кіру Тіркелу

Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды, мәдениет пен халықаралық ынтымақтастықты тоғыстырған іргелі білім ордасы. Бүгінде университет қабырғасында әлемнің әр түкпірінен келген жастар білім алып, Қазақстанды жаңа қырынан танып, кәсіби біліммен қатар ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды меңгеріп келеді.
Шетелдік студенттер үшін Қазақстанда білім алу – жаңа тіл мен жаңа білімді игерумен ғана шектелмейтін ерекше тәжірибе. Бұл – басқа мәдениетті танып - білуге, жаңа ортаға бейімделуге, түрлі ұлт өкілдерімен еркін қарым - қатынас жасауға және әлемге деген көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Осы бағытта әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерді жоғары білім алуға дайындаумен қатар, олардың әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Факультетте әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер білім алып, қазақ және орыс тілдерін, елтану мен Қазақстан тарихын меңгереді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары үшін тіл үйрету – тек грамматикалық ережелер мен сөздік қорды қалыптастыру емес. Тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен, тарихымен, салт - дәстүрімен және дүниетанымымен сабақтастыра оқыту – білім беру үдерісінің маңызды бөлігі. Өйткені кез келген тілді толық меңгеру үшін оның мәдени контекстін түсіну аса маңызды. Студент қазақ және орыс тілдерін үйрену барысында Қазақстан халқының дәстүрі мен әдет - ғұрпы, тарихи тұлғалары, ұлттық құндылықтары мен мәдени ерекшеліктері туралы білім алады. Мұндай тәсіл шетелдік студенттің тілдік ортаға тезірек бейімделуіне, күнделікті өмірде еркін қарым - қатынас жасауына және түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік - мәдени біліктілік – бүгінгі жаһандық білім кеңістігінде аса қажетті дағдылардың бірі. Әртүрлі мәдени ортада өмір сүріп, білім алып жүрген жастар үшін өзге мәдениетті түсіну, мәдени айырмашылықтарды құрметтеу және өз ойын еркін жеткізе білу – тұлғалық дамудың маңызды көрсеткіші.
ҚазҰУ - да шетелдік студенттердің университет өміріне белсенді араласуына да кең мүмкіндік жасалған. Олар қазақ және орыс тілдерін меңгерумен қатар, ғылыми - зерттеу жұмыстарына қатысып, студенттік ғылыми конференцияларда өз білімдерін ортаға салады. Тілдік олимпиадалар мен түрлі білім сайыстарына қатысу арқылы студенттер өз қабілеттерін шыңдап, жаңа ортада өздерін еркін көрсетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық олардың аудиториядан тыс білім алуына да жол ашады. Шетелдік студенттердің тарихи орындарға ұйымдастырылатын экскурсияларға, ұлттық мерекелер мен мәдени іс - шараларға қатысуы – еліміздің мәдени мұрасын тереңірек танудың тиімді жолы.
Мұндай кездесулер студенттерге Қазақстанның тарихын оқулық арқылы ғана емес, нақты мәдени орта арқылы танып - білуге мүмкіндік береді. Ұлттық мерекелерге қатысу, қазақтың салт - дәстүрімен танысу, тарихи орындарға бару, қазақстандық студенттермен еркін қарым - қатынас орнату арқылы шетелдік жастардың ел мәдениетіне деген қызығушылығы арта түседі.

Саденова А. Е., Мамытбекова Л. Қ.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Білім кеңістігіндегі Қазақстан – Жапония ынтымақтастығы

Білім кеңістігіндегі Қазақстан – Жапония ынтымақтастығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды ғана емес, түрлі елдер мен мәдениеттерді байланыстыратын халықаралық білім ордасы....
Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық...
Ел тарихындағы еңселі күн

Ел тарихындағы еңселі күн

25 қазан – ел тарихындағы тағылымы терең, маңызы айрықша күн. Республика күні – Қазақстанның егемендік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, елдік...
Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік

Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік

Қазіргі әлемде азаматтар арасында толеранттылыққа тәрбиелеу қоғамдық білім беру саясатының басты мақсаттарының біріне айналды. Бүгінде әлемнің әр...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×