Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы білім беру. Қазақстан Республикасының картасымен таныстыру. Қазақстан Республикасының жеріне құрметпен қарауға, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі ұйымдарда зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуымен тұлға қалыптастыру басты міндет болып берілуде.