Кебін екі түрлі болады: бірі – марқұм болған жанды арулап орайтын бөз мата, екіншісі – адамның ғұсыл - дәреті. Діни кітаптарда ғұсылсыз өлген адамның жаназасы шығарылмайды деп жазылған деседі.
Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да: – Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері!