«Мен Сталинді адамзат тарихындағы ең үлкен қылмыскерлердің бірі деп санаймын, оның үстінен тарих үкімі әлі аяқталған жоқ», - деді Познер өзінің жеке сайтында. Журналист ГУЛАГ лагері жүйесін құру және Кеңес Одағындағы халықтарды күштеп жер аудару сияқты сталиндік кезеңдегі оқиғаларды еске түсірді.