Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мәдени және рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Оның шығармашылығы – ұлттық сананың қалыптасуында, әдебиетіміздің өсіп - өркендеуінде және жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше маңызға ие.
Қазақтың ізгілік педагогикасының ірге тасы тым ерте қаланғаны белгілі. Елдік - ерлік дәстүрінің көнелік көзі саналатын тас жазуларының өзінде анаға деген махаббат, адамға деген әдіддік, ел - жұртына деген сүйіспеншілік, ерекше жырланады.
Сабақ мақсаты: Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, өлеңдерін талдап, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту