Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, слайд.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой - пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
ІІ. Білімді бақылау кезеңі: «Кім» сұрағына жауап алу.
Оқытушы: Иә, балалар бұл Абай атамызға арналған өлең жолдары. Олай болса, осы ойларыңызға қандай дәлел айтар едіңіздер?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
Кіріспе сөз. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу - ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер. Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Бүгінгі әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіну, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдылану.
Екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.
Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой - пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә. Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір - нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В. А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
IV. Бекіту кезеңі:
1. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берейік.
1) Поэма дегеніміз не? Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан - алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.
2) Абайдың қандай поэмалары бар? (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)
«Ескендір» поэмасына талдау жасау.
1. Авторы: А. Құнанбайұлы
2. Тақырыбы:
Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.
Жанры: эпикалық (поэма)
Ұйқас: қара өлең (ааба)
Шумақ: 42
Тармақ: 4
Буын: 11, 12
Бунақ: 3
Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді.
«Автор орындығы» стратегиясы.
І топ. 1. Өсиет (ақыл сөз) – қандай сөздер еді?
2. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Аз - ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір, жолдас болмас, әлі - ақ кетер,
Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?
ІІ топ. 4 - тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.

Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы сабағын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ескендір поэмасы

Ескендір поэмасы

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары – оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен....
Абай бүлдіршіндер жүрегінде

Абай бүлдіршіндер жүрегінде

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл...
«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;...
Ескендір Зұлқарнайын жорықтары

Ескендір Зұлқарнайын жорықтары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәнінің мұғалімі: Байбатырова Мира...
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×