Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағытжанова Айжан

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Өлеңді мәнерлей оқи отырып, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;
ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе қағаздар, тірек сызбалар, семантикалық карта, стикер, СТО стратегиялары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқу құралдарын түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
А. Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі - 4 шумақты, 18 тармақты, 11 буынды, 2 - 3 бунақты, аралас ұйқас түріне құрылған өлең.

III. Жаңа сабақ.
Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз. Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас, ырғақ болады.
Мысалы:
Ғылым таппай/ мақтанба, - а
Орын таппай/ баптанба, - а
Құмарланып/ шаттанба, - а
Ойнап/ босқа күлуге. - б
Өлеңнің құрылымдық жүйесі
1. 1 - шумақ
2. 4 тармақ
3. 2 бунақ
4. қара өлең ұйқасы

V. Мағыналық картаны толтыру.
Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Жанры: Поэзия
Түйінді ой: Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады
Негізгі идеясы: Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз

VI. Абай Құнанбайұлы поэзиясына талдау жасау.

VII. Концептуальдық кесте. Өлеңді жан - жақты талдау
Шығарма аты: «Ғылым таппай мақтанба»
Асыл іс: Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, рақым
Дұшпан: Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ
Тәрбиелік мәні: Жамандықтан жирену, Жақсылыққа үйрену, ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне еру т. б.
VIII. «Қиық қағаздар сөйлейді» Берілген қиықтардағы сөздерді бір - бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.
IX. Семантикалық карта
X. Сабақты бекіту:
1. Абай қандай нәрседен жиренуді, неден үйренуді ұсынады?
2. Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
3. Өлеңдегі қашық - асық, жамандық - жақсылық, сөну - жану сөздерінің мағыналық айырмашылығына көңіл бөл, құмарлану, шаттану, рақым деген сөздердің синонимдерін тап.

XI. Үйге тапсырма.
а) Өлеңнен үзінді жаттау.
ә) Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.

XII. Бағалау
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең...
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...
Абай. Ғылым таппай мақтанба

Абай. Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба. Мақсаты: оқушыларды Абай атамыздың өлеңімен таныстыру; негізгі ойды ашу, сөздік қорын, сыни ойлау...
Оқышы, дана Абайды

Оқышы, дана Абайды

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...
Абай. Ғылым таппай мақтанба

Абай. Ғылым таппай мақтанба

Тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба. Мақсаты: білімділік: оқушыларды Абай атамыздың өлеңімен таныстыру; негізгі ойды ашу Дамытушылық: сөздік қорын,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×