Жұмсақ материалдармен танысу
Сабақ мақсаты: Сурет салуда қолданылатын алуан түрлі жұмсақ материалдарды, қалай қолдануды үйрету.
1. Білім берушілік: Сурет салудағы композицияның алғашқы тәсілдері, сызықтар мен штрих жүргізу тәсілдерін меңгерту.
2. Тәрбиелік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
3. Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: тарих, еңбек пәні
Көрнекіліктер: Педогоикалық суреттер, кітаптағы суреттер, фото суреттер, слайдтар.
Құрал - жабдықтар: ақ қағаз, А - 4, А - 3, қарындаш, пастель, көмір, өшіргіш.
Пайдаланған әдебиеттер: Треньтев А. Е. Рисунков в педогоической практике учителя изобразительногоискуство: М. Посвещим 1981 г., Сурет сала білесін бе? Алматы баспасы
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезең 1 - 2 мин.
II. Тақырып бойынша сұрақтар 4 - 5 мин.
III. Жаңа тақырып 5 - 6 мин.
IV. Презентация 4 - 5 мин.
V. Сергіту сәті 3 - 4 мин.
VI. Практикалық жұмыс 10 - 15 мин.
VII. Қорытынды, баға 5 - 6 мин.
VIII. Үйге тапсырма 1 - 2 мин.
I. Ұйымдастыру кезең 1 - 2 мин. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу, мақсатымен таныстыру, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Қарындаштар қатты жұмсақтарына қарай қандай түрге бөлінеді? ( Т, ТМ, М, М1, М2, М3, т. б.) Көмір қандай материалға жатады? (жұмсақ материал ) Суреттерді немен салуға болады? (көмір, сангина, пастель )
III. Бүгінгі тақырыбымыз жұмсақ материалдармен танысу. Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтары, мен материалдары пайдаланатыны белгілі. Олардың ішінде ең көп қолданылатын кәдімгі графит қарындаш. Сурет салатын қарындаштар қатты жұмсақтығына қарай мынадай түрге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 2Т, 3Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, 5Н, 4Н, 3Н, 2Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т. б. Сурет салғанда қарындашпен қатар көмірді де пайдалануға болады. Ол анағұрлым жұмсақ материалдар қатарына жатады. Көмір таяқшалары ағаштардың жіңішке бұтақтарын отқа жағу арқылы дайындап алуға болады. Ол үшін биіктігі 20 - 25см консерв қалбырын тауып алып, оған құрғақ құм толтырады да ішіне қабығы аршылмаған биіктігі қалбырдың бойындай шыбықтарды шаншиды. Сонан соң қалбырдың бетін жауып отқа қыздырады. Шыбықтар әбден қызған кезде оттан шығарып алып, оны суытады, сосын сол күйде пайдалануға болады. Фабрикада арнайы дайындалған көмірлерде болады. Мәселен қолдан дайындаған көмірге өсімдіктен жасалған желім қосылады. Ондай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады.
Көбіне суретшілер түрлі түсті қарындаштарды пайдалануға онша көп әуестене бермейді. Олар суреттерді көмірмен, тушпен қара қарындашпен пастель деп аталатын әртүрлі борлармен салады.
IV. Презентация жасау.
V. Сергіту сәті жаттығу музыкамен.
VI. Практикалық жұмыс көмірмен натюморт салу.
VII. Қорытынды: оқушылардың салған жұмыстарын салыстырып бағалау.
VIII. Үйге тапсырма көмірмен, жұмыстар жасап келіңдер.
ШҚО, Семей қаласы, «№13 ЖОББМ»КММ
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Жармухаметова Назира Серикхановна
Жұмсақ материалдармен танысу
- bibka
- 7 қараша 2015
- 5542
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмсақ материалдармен танысу, бейнелеу өнерінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Графика өнерінің түрлерімен таныстыру
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру....Портрет
Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру...Қазақстанның табиғаты
ШҚО, Семей қаласының «№13 ЖОББМ» КММ Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Жармухаметова Назира Серикханоана...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Пропорция туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.