Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның табиғаты

ШҚО, Семей қаласының «№13 ЖОББМ» КММ
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Жармухаметова Назира Серикханоана

Тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
Сабақ мақсаты: Еліміздің керемет көркем, әсем де сұлу табиғатын оқушыларға таныстыру, және табиғат коріністерін бейнелей білуге үйрету.
1. Білім берушілік: Перспектива заңдылықтарын үйретіп, акварельмен жұмыс жасау техникасын меңгеру.
2. Тәрбиелік:: Эстетикалық талғамын дамытып, табиғат көріністерін бейнелеу арқылы, бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрматтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ой - қиялын сезімін, байқаштығын, шеберлігін, шығармашылығын дамытып. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: география, жаратылыстану, әдебиет, музыка.
Көрнекіліктер: Педогогикалық суреттер, кітаптағы суреттер, фото суреттер, слайдтар.
Құрал - жабдықтар: Ақ қағаз А - 4, А - 3, қарандаш, қылқалам, акварель бояуы, палитра, және су құйғыш.
Пайдаланған әдебиеттер: « Алатау» Алматы, Қайнар баспасы 1985 ж. « Дала әуендері.», Алматы, Қайнар баспасы 1987 ж. « Абай елі» Алматы, Өнер баспасы 1994 ж.
I - сабақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 1 - 2 мин.
2. Тақырып бойынша сұрақтар 5 - 6 мин.
3. Ой қозғау 5 - 6 мин.
4. Презентация 4 - 5 мин.
5. Сергіту сәті 1 - 2 мин.
6. Перспектива заңдылықтарын түсіндіру 10 - 15 мин.
7. Тақырып бойынша жұмыс 6 - 7 мин.
8. Ұшты - ұшты ойыны 3 - 4 мин.
9. Үзіліс 5 мин.

1. Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин. оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу, мақсатымен таныстыру.
2. Қазақстанның табиғат ерекшелігі қандай? (мысалы: таулы, жазық, шөл - шөлейт, құмды, орманды т. б ) Осылардын қайсысына жатады? Әлде осының барлығы біздің кең байтақ жерімізде кездесе ме? Шығыс Қазахстанның табиғаты басқа аймақтардан (табиғатына байланысты) несімен ерекшеленеді? Ал Семей өңірі ше?
3. Ақын Мұхтар Шахановтың «Қазақ жері» туралы ой - толғауын, аңыз - әңгәмесін оқып беру. Абай елі кітабынан суреттер корсету. Өздерің еліміздің табиғаты жақсы қандай аймақтарында болдыңдар?
4. Презентация жасау:
5. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
6. Табиғатты бейнелеудегі перспектива заңдылықтарын тақтаға сызып көрсету. Перспектива - сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Сызықтық перспектива дегеніміз не? Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Ауалық перспектива дегеніміз не? Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын түрінде қабылданады. Мысалы: алыстағы таулар көгілдір немесе күлгін болып келеді. Көкжиек сызығы көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегін көкжиек сызығы немесе горизонт сызығы дейді. Ол сызық аспанды жерден, судан бөліп тұрады. Нүкте қандай сызық сурет болмасын, қағаз бетіне түскенде нүктеден басталады. Мысалы: өзен ағып жатыр дейік. Сол кездегі бергі жағы толық көрініп, арғы беті нүкте болып қалады. Міне, өстіп өзеннің ағуы нүктеден басталады.
7. Қысқа мерзімді сурет.
8. Ұшты - ұшты құлын ұшты.
Ұшты - ұшты мұрын ұшты.
Ұшты - ұшты кептер ұшты.
Ұшты - ұшты дәптер ұшты.
Ұшты - ұшты қарға ұшты.
Ұшты - ұшты арба ұшты.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×