Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
«Балдырған»балалар бөбек бақшасы әдіскері
Хасенова Айжан Лұқманқызы

Тақырыбы: «Алтын күз» ертеңгілігінің сценарийі
Автор:
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату.
Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы ойларын граматикалық түрде және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі аула бағының суреттері, жеміс - көкөністің суреттері, муляждар, дидактикалық ойындар, көркем әдебиет кітабы, тіл дамыту кітабы.
Барысы:
Еліміздің мемлекеттік Әнұраны
Психологиялық сәт:
Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық,
Бәріміз дос болайық.
Тәрбиеші: балалар, мен сендерге «бұл қай кезде болады?» деген өлең оқып беремін, сендер мұқият тыңдап, өлең жылдың қай мезгіліне арналғанын айтасыңдар:
Бұлттар төніп,
Ызғар сеуіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
өні тайып,
дала сұрғылт тартады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім! Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, ызғар, дымқыл, дала сұрғылт, өні тайым сөздерінің мағынасын түсіндіңдер ме?
Балалар, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Балалар, күзде нелер піседі?
Күз туралы суретке қарап әңгіме құрастырайық!
Күз мезгілі туралы кім өлең біледі?
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап

Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау.
- Онда балалар ортамызға ару күзді шақырайық.. (Ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағылған Алтын күз келеді)
Алтын күз: Армысыңдар ма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Тәрбиеші: Қош келдің, алтын күз. Өзіңмен бірге береке - байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Оған біз өте қуаныштымыз. Біздің балалардың өзіңе арнаған тақпақтары бар.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Құстар қайтты ән салып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп гүл солып,
Қыс ызғары басталды.

Жайсаң жаз өтті, күз келді,
Сарғайтып бақты, даланы.
Шақырады күзде енді,
Гүл теруге баланы.
Алтын күз: Балалар мен сендерге құр келгенім жоқ. Өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім. (алма, өрік, қара өрік, шие, жүзім )
Тәрбиеші: Балалар, күзде тынымсыз еңбек басталатыны бәрімізге мәлім. Егін ору, бау - бақшаларда жеміс - жидек жинау жұмыстары толып жатыр. Сол жеміс - жидектер бізге қонаққа келіп тұр.
Топқа алма, өрік, қара өрік, шие, жүзім кіреді.
Алма: Нартай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.

Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр» деймін.
Уылжыған өрікпін,
Мен бау - баққа көрікпін.

Қара өрік: Қара деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге,
Кейде менің хақым бар.

Шие: Шиемін мен, шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
Сары күзде үзіліп,
Себетке кеп тізілдім.
Алтын күз: Балалар, мен сендерге ойынымды ала келдім.
Ойын: «Қандай жеміс екенін тап.»
Шарты: Көзді байлап, қолменен сипап - сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.
Алтын күз: Балалар мен сендерге сиқырлы бидай масағын алып келдім. Бидайдың әр сабағында сендерге арналған сұрақтарым бар.

Сергіту сәті:
Көбелекке ұқсап ап,
Ұшайықшы бәріміз.
Оңға қарай бір ұшып,
Солға қарай бір ұшып,
Айналайық жер шарын,
1 - 2 - 3 көбелекше ұш.

Тәрбиеші: Қане сиқырлы бидайдың сұрақтарын оқиық..
1. Нан қайдан шығады?
2. Жаз өсірді, күз сыйлады дегеніміз не?
3. Жұмбақ: Қабат - қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылатар. (пияз)
4. Ойын: «Ұйқасын тап.»

Алтын күз: Керемет, қандай ақылды балалар! Рахмет сендерге бидайдың барлық тапсырмаларын орындадыңдар. Енді мен сендерге әкелген сыйлықтарымды берейін.
Ертеңгілік соңында Алтын күз сыйлықтарын таратып балалармен қоштасады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×