Сайтқа кіру Тіркелу

Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.

БҚО, Орал қаласы,
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
физика, информатика пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы
Қайырлиева Кенжегул Тлегеновна

Сабақтың тақырыбы: Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:
Электр заряды. Электрлену Электр зарядының сақталу заңы туралы ұғым қалыптастыру. Олардың қасиеттеріне тоқталу.
б) Дамытушылық: Білім, білік дағдысын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын дамыту.
в) Тәрбиелік: ұғымдылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Топпен, жұппен, жекелей жұмыс. («Блум» әдісі, «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтері «INSERT» - түртіп алу
cтрагетиясы)
Көрнекілігі: Интерактивті қалам, слайд, сызба - нұсқалар, электронды оқулық. кластер
Пәнаралық байланыс: химия, биология

Сабақтың өту барысы:
 І. Ұйымдастыру бөлімі.
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 ІІІ. Қызығушылықты ояту.
 IV. «Миға шабуыл»
 V.«Мағынаны танып білу» (Слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіру)
 VI Қысқаша - тест
 VII. Электронды оқулық.
 VIII. Есептер шығару.
 IX. Үйге тапсырма.

Сұрақтар:
1. Ас тез пісу үшін қайнап жатқан ыдыстың астындағы отты күшейткен
дұрыс па?
2. Булану дегеніміз не? Сұйық пен бу арасындағы динамикалық тепе - теңдік деген не?
3. Қандай аспаптармен ауаның ылғалдылығын анықтауға болады?
4. Газдың көлемін тұрақты етіп алып, 474 К температураға дейін
қыздырғанда, қысымы екі есе артты. Газдың бастапқы температурасын табу
керек.
5. Неге қыста демалғанда аузымыздан будың шыққанын көреміз? Ал жазда
ол байқалмайды?
6. Жылу алмасу деген не?
7. Газ заңдары дегеніміз не?
8. Қандай изопроцестерді білесіңдер?

9. Жазғы ыстық күннен кейін кешке ойпат жерде тұман түскенін көреміз, бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
10. Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атаңыз.
11. 10 - сынып оқулығынан
12. Бір температуралық шкаладан екінші температуралық шкалаға өтетін формуласын жаз.
13. Неге температурасы бірдей судан гөрі бу қатты күйдіреді?.
14. Изобаралық процесс туралы не білесіңдер.
15. Газ, сұйық, қатты денелердің қасиеттері.
16. Не себептен ыстық күні суға түскенде ол ауадан гөрі салқын боп көрінеді., ал шыққанда керісінше болады.
17. Деформация деген не?
18. Көлемі 2 м ыдыста 2 кг азот бар. Оның қысымы 1, 5*10 н/м болса, онда азот молекуласының ілгерілмелі қозғалысының орташа энергиясы ілгерілмелі қозғалысының орташа энергиясы неге тең?
19. Жіңішке қылдан жасалған баяу жаққышты суға малғанда, оның қылдары суда жайылады, ал судан шығарғандаІ бір - біріне жабысып қалады.
20.. Термодинамиканың І заңы
21 Менделеев — Клапейрон теңдеуі
22. Балқу және кристалдану
І. Қызығушылықты ояту.

IV. «Миға шабуыл»
Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын.
а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)
ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар? (шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)
б) Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)
в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600 - жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартатынын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.
V.«Мағынаны танып білу» (Слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіру)
«Электрлену», «электр заряды», «электр тогы» сөздері сендерге бала кезден белгілі. Бұл сөздерге үйренгеніміз сонша, олардың мағынасын толық түсінетін секілдіміз. «Электр заряды деген не?» сұрағына жауап беріп көріңіздерші, сонда оның оңай емес екеніне көздерің жетеді. Себебі «масса»,«заряд»деген ұғымдар іргелі ұғымдарға жатады және оларға айқын анықтама беру мүмкін емес.
«Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп - өрген қылқан жапырақты ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» - электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×