Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну
Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы мүшелері, құрбы - құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Міндеттері: - адамдардың бір - біріне деген мейірім – шапағатының мән - мағынасын түсіндіру;
- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
- жанында жүрген жақында адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: Өнегелі сөзер жазылған кесте, Отбасылық фотосуреттер, үнтаспаға жазылған “Ана туралы жыр” әні,”ананы құрметтейік”. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Мұғалім осы сабақтағы Р. Акдемірдің “Ана махаббаты” әңгімесін үйге оқуға алдын ала берип жиберді.
Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде оқушылардың ойларын қорытындылап, олардың айналасындағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп байқап бағалау қажеттілігін ұғындыра түсу мақсатын көздеуі тиіс.
3. Дәйекті сөз:
Өзінің айналасындағы жора – жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.
А. Адлер.
4. Әңгімелеу: (сұхбат)
“Соқыр ана” тақырыбында үнтаспа
5. Шығармашылық жұмыс, Топтық жұмыс
6. Топпен ән айту
7. Үй тапсырмасы
“Адамды сүйе біл” С. Байжановтың әңгімесін оқып келу.
8. Тыныштық сәті.
Ата - ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата - ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен. Ардақтай біл, аялай біл, сен деп соққан жүректі.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі
- Ташимова
- 26 ақпан 2014
- 26838
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өзін-өзі тану, Әдістемелік көмек
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Жақсылықтан жақсылыққа
Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттері арқылы ашу....Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Іздегенде табылатын қасыңнан
№249 мектеп – лицейінің мұғалiмі Жанибек Раушан Жанибеккызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.