Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
Сезімнен кімдер, сірә бақыт құшқан?
Күзетіп жын тығылған құмыраны
Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан.
Кім білген әділеттің бар өлшемін.
Кім әлсіз? Кімдер биік? Кім қуатты?
Жанымның кессем дағы әр бөлшегін.
Жауабын айта алмаспын бұл сұрақтың.
Сүйгеннің бола бермес ессіз бәрі
Сүймеген адамдардың мұңы бөлек.
Күн кешсем. ғайып болып көзсіз халім.
Күн кешсем жалғыз сенің тұнығың боп.
Астасқан сендік сонау биікпенен.
Ақылдың келер ме екен жүрекке әлі?
Періште тілегіңді сүйіп келем.
Перінің айтылған соң түнекте әні.
Кім білген әділеттің бар өлшемін?
Кім әлсіз? Кімдер биік? Кім қуатты?
Жанымның кессем дағы әр бөлшегін.
Жауабын айта алмаспын бұл сұрақтың...
Толқын Қабылша
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 1079
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған. Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған. Мен - Күнмін, Жүрегі нұр, тәні - Шуақ. Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған....Түн бола алман!
Жалғыздығым жазмышындай көктемнің, Жанарымда жалғыз тамшы өткен күн. Жан сырымды жүзіңізге жасырып, Жалт еткен сәт,жарығыммен өбкенмін....Жоғалтқым келмейді екен
Жоғалтқым келмейді екен, жанымның шамшырағын. Сол жаннан қуат алған, сан үміт, сан шыдамым. Сәулесі ғұмыр төккен, күн сынды бір құдірет Нұрымен...Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Бiздер, сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің, біздер, сірә, бөтенбіз?! Бәлкім, бәлкім, болдық іңкар бекер біз? Жапырағы желмен ұшып жоғалған, Қайда барып, паналайды екен күз?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.