Қасық қанмен қорғап өтем мен сені
Көкжиектен күн боп қолын созған нұр.
Құлагер боп керім сыннан озған жыр.
Қиянатты қара қылдай қақ жарып,
Мұңсыздарға салшы бүгін қозғау бір.
Қарғаларды қара жолда қалдырып,
Қырандарға қанат берген таңғы үміт.
Қанды қолын қиып тастап қаскөйдің.
Қалың елге қуаныш бол мәңгілік.
Қара сөзді қалықтат та көгімнен,
Қасиет бол құзар шыңнан төгілген,
Қаламымды қозғар болсаң құдірет,
Қайғы – мұңның қабырғасы сөгілген.
Адастырмас ақ туындай өткелдің
Алдаспандай көзі ме едің өткеннің?
Ары үшін жанын қиған ерлерден,
Аманат боп қазағыма жеткен мұң.
Қиылған сәт қара түннің семсері,
Құба жолда үмітім бол еңселі.
Құт дарыған қара өлеңі қазақтың,
Қасық қанмен қорғап өтем мен сені.
Толқын Қабылша
Қасық қанмен қорғап өтем мен сені
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 1164
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қасық қанмен қорғап өтем мен сені, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,...Алғыс айтып өтем саған
О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің....Қара құс һәм адам
Қара құс: Жалғанға патша баланған, Данышпан ізгі саналған, Аллашыл әділ адамнан, Қайдан шықты бұл мінез?! Адам: Тексеретін сен емес! Ескеретін мен...Отан туралы өлең
Байрақты бәсекеде берілмеген, Ұлдарын - құл, қыздарын - күң етпеген. Өзгеге соқтығыспай тыныш жатқан, Қазағыма бірде-бір ел жетпеген....Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.