Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Отан туралы
- ramuk_b
- 9 желтоқсан 2018
- 3538
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отан туралы, Отан туралы өлең, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Елді сүю
Мен елімді сүйемін! Иә, сүйем! Құлама құз, Құзар шың, Қиясымен..., Жанарымның жасымен жылап аққан, Қаламымның қанымен, сиясымен!...Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Туған ел, отан туралы өлеңдер топтамасы
Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен......Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976)...Отаным. Астана
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарағой бастауыш мектебі Тилеукабылова Қуаныш...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.