Сайтқа кіру Тіркелу

Күз туралы тақпақтар

Күз келді
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

***
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді

***
Күз туралды тақпақ: Күз
Дым бүркіп, тұман басталып,
Қарғалар шулап топтанса.
Үлкендер шаруа басқарып,
Ауылдан сыртқа аттанса.
Жайқалса шетте шоқ қамыс,
Желбіретіп үкісін.
Қызғыш жоқ, кұс жоқ, жоқ таныс,
Көл беті тыйса күлкісін.
Ауылдың малы өрістеп,
Жайырақ шықса манаурап.
Оқыранып, жер иіскеп,
Байлауда тұрса жарау ат.
Егістік жақтан Даладан,
Естісең мотор гүрілін.
Астықты керуен қалаға,
Ағылып жатса күн ұзын.

***
Күз туралы тақпақ: Сары күз
Жалын жалап өтті бір,
Жүдеп қалды көп түбір.
Одан әрі бармайды,
Жапырақтар сарғайды.
Өрт деген де, өрт деген,
Ол деңгейлес дертпенен
Құтқарам деп сол дерттен
Ағыл - тегіл мол дерттен асықты бұлт, асықты.
Бірақ өртті басыпты.
Басу оған оңай - ды,
Күз бермейді тоғайды!

Күз туралы өлең тақпақ: Күз әні
Жердің көркі қашады,
Таулардан бұлт асады.
Қайтып күннің қызуы,
Шөпті қырау басады.
Мүлгиді сай - саламыз,
Біздің жомарт даламыз.
Дәнін жинап алған соң,
Жатыр үнсіз сары аңыз
Ызғарлы жел қатайды
- Мұны күз деп атайды.

Күз туралы тақпақ: Күз келді
Жатпайды күзде көл тұнып,
Шаң баспайды ауаны.
Екілене жел тұрып,
Төпеп жаңбыр жауады.
Күз еңкейе береді
Солғын шолып жан - жақты.
Алтын нұрға көмеді
Көшелерді, бау - бақты.
Аппақ мақта үлпілдеп,
Канарларда жатады.
Қуанысып, жұрт гулеп,
Сан қызыққа батады.
Аяқталсын кезінде
Тиісті іс баршаға
Мейлі жаңбыр содан соң
Жаусын қанша жауса да.

***
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

***
Алтын күз
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Күз туралы өлеңдер топтамасы
Күз тақырыбында шығарма, эссе
Күз көрінісі
Күз-береке, күз-мереке
Алтын күз
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×