Мазмұны
1 Невада - Семей полигонының инфрақұрылымы
2 Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
3 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
4 Суарылған ядролық темірмен
5 Невада – Семей
6 Сыртқы сілтемелер
1952 жылы кеңестік озбырлықтың кесірінен біз Нарыннан айырылдық. Ел тоз – тоз болып, басы ауған жаққа күштеп көшірілді. Әсіресе, оңтүстік жаққа жер аударылғандардың халі тым мүшкіл болды. Жаздықтың шалшық көлінен су ішкен балалар жаппай қырылды.
Сол жылдары Қазақстанның кейбір аймақтарына түскен атом бомбасының күші Хиросима қаласындағыдан 2500 есе күшті екенін екінің бірі білмеді.
Сынақ полигонының шет аймағындағы малшы, шопандар өз отбасыларымен малын бағып отыра берді. Оллардың ауырып, тез арада о дүниелік болғандарына дәрігерлер жоғарыдан келген нұсқауларға байланысты әртүрлі аурулардың түрлерін ойлап тауып, сынақ полигонын барынша «арашалап» отырды.
Бірте – бірте Орда, Жаңақала аудандарының елді мекендерінде қол - аяғы жоқ балалар, құлағының тесігі жоқ, жалғыз көзді, екі басты т. б. кемістіктерімен сәбилер дүниеге келе бастады. Әйелдердің түсік тастауы, рахит, тері аурулары көбейді.
Бұдан жиырма жылдай уақыт бұрын полигон мәселесіне байланысты шындықты айтып, өңір жастарын жұмылдырған Мәлік Құлшар, Айболат Сейтақов сықылды жастар жетекшілері түрлі кездесулер мен жиындар ұйымдастырылды. Ол кезде Айболат Сейтақов Орда аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, ал Мәлік Құлшар облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болатын.
Нарынға қасірет әкелген полигон қалай пайда болды десек. КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 3 маусымындағы №2642 - 817 қаулысына сәйкес Капустин Яр ракеталық полигоны құрылды. Оның бастығы болып генерал – майор Василий Вознюк (1946 - 1973 ж. ж.) тағайындалды.
Орда ауданының 1, 5 млн. га. жері «Капустин Яр» полигонына берілді.
1947 жылғы 18 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 10 сағат 41 минутта бірінші баллистикалық ракета сынақтан өтті.
950 жылдан бергі мерзімде тек Капустин Ярдан 11 атом жарылысы 300 метрден 5, 5 шақырымдық биіктікте жүзеге асты.
Сол кездегі ақпарат құралдары атом жарылысын жасырды. Ал, шындығында бұл атом бомбасының жалпы күші Хиросимаға тасталған бомбадан 65 есе артық еді. Бұдан басқа тек Капустин Ярда басқарылатын 24 мың ракета жарылып, сынақтан өтті. 177 соғысқа арналған техника сыналып, 679 РСД - 10 ракетасы құртылды.
1957 - 1959 жылдары Капустин Ярда Нарын аймағында 29 атомдық жарылыс болып, оның 18 - і жер асты, 11 - і ауада жарылды.
Азғыр ауылы бұрын Орда ауданына қараған болатын. Кеңес әскерлері бірінші сынақты Азғыр ауылынан 1, 5 шақырым ғана қашықтықта 165 метр тереңдікте жүргізді. Ол кезде 300 адам тұратын ауылда 20 күн бойы сол жерден ауаға газ түрінде радиоактивтік қалдықтар шығып жатты.
Радиоактивтік қалдық мөлшерден 460 есе артық болып, ал гамма сәулесінің мөлшері 155 - 3500 мкр/сағат (рұқсат етілетіні тек 8 - 10 мкр/сағат) болды. Азғыр ауылының тұрғындары тәжірибеге арналған «тышқан мен қоянның» күнін кешті.
Орда аймағындағы 619 ракетаның әрқайсысы ауаға 50 тоннадан улы газ таратты.
1992 жылға дейін Кеңес үкіметі Нарын жерінде атом бомбасын жарғандарын жасырып келді.
Орда аймағында ракеталардың көп құйылатын жері – Хаки соры. Оның жалпы аумағы 830 мың га. Сынақ жүргізілген 60 жылдың ішінде Хаки соры талай ракетаны, ұшақ қалдықтарын өз қойнына сорып алды. Ал сор айналасына құлағандарын Кеңес үкіметі тарағаннан кейін жергілікті халық жинап алып, металл сынықтары ретінде тапсырып, тиын – тебен алып, ас - су сатып алуға пайдаланды.
Осыдан да қанша адам уланды десеңізші.
Хаки соры Орда ауылынан тек 11 - ақ шақырым қашықтықта жатыр. Ол ертерек киіктердің, жылқы т. б. жан - жануарлардың су ішкен жері еді. Бүгінде жартылай кепкен Хаки көлі өте қауіпті болып отыр. Ауыр металдармен уланған ауа желмен барлық аймаққа таралуда.
Радиоактивтік қалдықтардың жартылай залалсыздандырылуының өзі ұзаққа созылады. Мысалы, радио - цезий мен радио - стронций 27 - 30 жыл, плутоний - 238 изотоптары – 90жыл.
Үлкен қаржы жұмсап, жүйелі түрде жұмыс жүргізілмесе, алдағы уақытта бұл халқымызға тек қана қасірет әкелуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, «Мәз болмайық арқамыздан қаққанға, мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға, кімге керек жал мен жая жегенің, бауырларың қылтамақ боп жатқанда...» деп, ақынның шырқырата шындықты айтқанындай, өзімізге болмаса, Семей, Нарын өзгеге керек бола қоймас. Байтақ елді асыраған Нарындағы 1, 5 млн. га. жерді залалсыздандыру тек мемлекеттің ғана қолынан келеді. Нарынды құтқару – бүкіл қазақ халқының талап – тілегі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойлық конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстандағы ядролық полигонның жабылуына «Невада - Семей» антиядролық халықтық бірлестік пен оның лидері Олжас Сүлейменовтың қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
Семей ядролық сынақ полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған. Ең бірінші сынақ полигонда 1949 жылғы 29 тамызда жасалған болатын. Онда барлығы 468 ядролық сынақ жасалды. 1949 бен 1962 жылдар арасында онда 30 жер беті сынағы жасалды және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955 жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікте, ғарышта сыналды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалды.
1991 жылы 29 тамызда полигон ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен жабылды.
Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлау алды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада - Семей» қозғалысы пайда болды.
Ол Семей ядролық полигонындағы сынаққа жаппай наразылық білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11 - ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19 - шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады: егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен мен Жезқазған жұмысшылары қолдады. Жұмысшыларды ҚазКСР Жоғарғы кеңесі қолдады.
Екі миллионнан астам адамды қайғы - қасіретіне бөктірген Семей полигонының жабылғанына ертең 20 жыл болмақ. Жабылып, үні өшсе де талай адамды шырмауына батырып, талай ұрпақты құрбандығына айналдырған жарылыс дүмпуі әлі алыстап кете қойған жоқ. Қырық жылдан аса уақыт Семей халқының санасын улап, жанын жаралаған бұл тақсіреттің сызы күні бүгінге дейін сезілуде.
1991 жылы «Жабылсын» деген соңғы нүкте қойылып, қоғам қайраткерлерінің араласуымен өз еркімізбен ядролық қарудан бас тартқан сәтте Семей халқы «біздің елімізде назалы ана, азалы қарт, ауру бала, қыршынынан қиылған жас азаяды» деген зор сенімде болған. Бірақ қасіреттің зардабы әлі таусылған жоқ, таусылмайды да...
Бүгінде әлем ғалымдары «Семей полигонының жарылыс қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2, 5 есеге асып түседі» деген тұжырымдама жасауда. Ауада және жер астында 500 - ден аса ядролық жарылыс жүргізілгеніне және сынақтан зардап шеккен аймақтың ауданы 350 - 400 метрді құрағанына бір жағы үрейленіп, бір жағы таңданған жапондық ғалымдар Семей елінің төзімділігіне, халқының жанының сірілігіне амалсыз бас шайқауға мәжбүр болғаны әлі есте.
Содан бері біршама жыл өтті. Жарылыс зардабының құрбаны болған халықтың жарым көңілі әлі де күпті. Жарымжан бала, өрімдей жастардың өлімі қабырғаны қайыстырып - ақ тұр. Халық Үкімет тарапынан бөлінетін болмашы жәрдемақыны қанағат тұтып, тіршілік кешуде. Елде дүрілдеп тұрған өндіріс орындары жоқ, ірі көлемді инвестиция тарту жағын ұйымдастыру кемшін, мал шаруашылығы тұралаған, халықтың денсаулығы нашар. Әр күні күдік пен күмәнға толы жұрт ұрпағының болашағына алаңдаулы.
Бүгінде біз – ядролық қарусыздандыру процесінің белсенді жақтастарына айналған мемлекетпіз. Бұл тұрғыда өзіндік ұстанған бағыт - бағдарымыз бары хақ. Әйтсе де қасіретті аймақ саналатын полигон аумағында тұратын халыққа жіті көңіл бөле алмай келе жатқанымыз жасырын емес.
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Невада - Семей полигонының инфрақұрылымы
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмо кешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп - сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от - жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан - тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС - 1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядтан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО - да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық - экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма - жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Суарылған ядролық темірмен
Сутегілік құрылымы РДС - 2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тентіретті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусі ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ - 16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1, 7 мегатонна болатын, термоядролық РДС - 37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршілес аймақтарында сезілді. 1962 - 1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14 - 18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.
Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000 - 4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15 - 20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Невада - Семей
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаланғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.
Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауадағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен сезімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Халық көрген зобалаң
- janabilova1981
- 17 ақпан 2015
- 5358
- 0
- 0
Ілмек сөздер: экология, Семей ядролық полигоны туралы, ядролық сынақ
Ұқсас жаңалықтар:
Термоядролық реакциялар. Радиоактивті изотоптарды қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 9. 6. 2. 6. Ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру....Тізбекті ядролық реакция. Уран ядросының бөлінуі
Тізбекті ядролық реакцияның физикалық мағынасын ашып түсіндіру. Жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін және ойлау...Асқар Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
ШҚО, Семей қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" бастауыш сынып мұғалімі Нугуспанова Шынар Туленовна...Дегелеңдегі жарылыс
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы:: Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай. Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға...Семей полигоны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.