Сайтқа кіру Тіркелу

«Музыкаға баулу» баяндама

Баяндама тақырыбы «Музыкаға баулу»

Педагогикалық көзқарас тұрғысынан алғанда музыкалық білім беру тәрбиелеу арқылы қалыптастыру үрдісі - тұлғаға эстетикалық, этикалық әсер ету. Музыкалық білім беру әр уақытта да ең танымал және жалпы көпшілік қол жеткізе аларлық құбылыс бола тұрғанымен, ғылымда жеткілікті талданбаған және аз зерттелген. Музыка ағарту жұмыстарының қалыптасу кезеңдерін, аймақтық деңгейде зерттеу осы кемшіліктің орнын толтыруда, халқымыздың тарихи санасын және эстетикалық мәдениетін дамытуда баға жетпес мәні бар. Өйткені музыкалық өнерімізді зерттеп, зерделеп, оқу процесіне енгізуде еленбей жүрген мәселе – оның тарихи мазмұны мен әлеуметтік сипаты.
Оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушы – мақсаттарын біртұтас қарай отырып, әрбір оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылықпен жұмыстанып келемін. Әйгілі ғалым В. А. Сухомлинский тәрбиелеудің теориямен әдістемесі «Жүрегімді балаларға арнадым» еңбегінде жазған: сөзбен жеткізілмейтін нәзік сезімдерді әуен арқылы жеткізуге болады. Жан жақты гармониялық тұлғаны қалыптастырамын қажетті негіз балалардың елестету қабілетін оятатын жарық бейнелерді туғызатын, әр - түрлі көңіл - күйлерді сезінетін музыкаға балаларды баулу.
Балалардың музыкалық тәрбиесін бастаған кезде, музыкалық дыбыс әлемінің ерекше құбылыс екенін есте сақтай отырып, баланы оған күшпен итергіштемей, сездірмей қуаныш сезімін оята енгізу қажет. Әр бір балаға оның дарындылығын деңгейіне қарамай (баланың бастаңғы кезде музыкаға қызығушылығын байқалмаса да) музыка әлеміне кіргізетін кілт табуға болады. Біз баланы қалай ана тілін сүюді, сұлулық пен поэзияны сезінуді үйретеміз, тап солай музыканы сүюді үйрету керек. Кішкентай балалармен дайындалған кезде, ең басты құпиясы, балалардың жасына сәйкес келетін байқатпай енгізіп, олардың музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту болып саналады. Кішкентай оқушылармен сабақ өткізетін мұғалім сабақ үстінде балалардың көңіл - күйін көтере отырып ой - өрісін кеңейте қостап, мәжбүрсіз қызықты жағдай құрып бағыттау керек. Әр - бір мұғалімде оқыту барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Оқу үрдісінде менің байқағаным, балалар, алғашқы дайындықтарға келгенде қызығушылық көрсетіп фортепианода тезірек ойнағылары келеді. Ал енді нота сауаттылығын жаттаған кезде (ноталар скрипка кілтінде, бас кілтінде, қайда жазылатының, ноталардың ұзақтығы қандай болатының) кейбір, соның ішінде (тынымсыз, шыдамсыз) балаларда сабаққа қызығушылығы бәсеңдейді. Кейбір проблемалар пианистік әдетін құрған кезде де болды. Балаға стаккато - қысқа үзіліп, легато - байланысты, нон легато – бөлек ойналады деп түсіндіргенде, бала стаккато ойнаған кезде – қолын өте тез тартып алады, нон легато орындаған кезде – қолын дұрыс көшірмей, легато орындаған кезде – ойнаған дыбысты жібермей келесі дыбысты басады. Стаккато, нон легато, легато орындау үшін «доп», «жапырақ», және «жұлдыз құрт» ойындарын ойлап шығардық. Мысалы: «Доп» - стаккатоны қысқа, үзіп ойнап, клавишалардың үстінде секіріп жүрген доп сияқты елестету керек, «Жапырақ» - нон легатоны күзгі жапырақтың жоғарыдан жерге үзіліп түсіп жатқанындай бөліп ойнау керек, «жұлдыз құрт» - легато байланысты ойналады. Жұлдыз құрттың клавишалармен тиер – тимес жорғалап өткеніндей. Балалар нота сауаттылығын тезірек игеру үшін түрлі - түсті гамманы қолдандым. Ноталарды әртүрлі түспен жаздым. Бұл «ойынды» біз «кемпірқосақ» деп атадық. Нота сауаттылығын үйренерде «Кемпір - қосақтың» жеті түрлі түстерін қолдануға болады. Ноталардың орналасуын түрлі түспен жазамыз. До – қызылмен, Ре – сарғыш қызылмен, Ми – сарымен, Фа – жасылмен, Соль – көгілдірмен, Ля – көкпен, Си – күлгін түспен жазылады.
Осылай түрлі – түстерді қолданып басқа октавадағыда ноталардың орналасуын үйренуге болады. Ырғақты сезінуге балаға алдымен тыңдатылған әуен көмектеседі. Әуеннің ең алғашқы көңіл - күй көрініс балаларға қимыл арқылы түсіндіру маңызды екені белгілі. Сондықтан бастапқы дайындалу кезеңінде әуендік қимылдар мен, ырғақпен айналысуды ұсыну қажет. Мынандай сөздер келісімдерін: Ай - ша, ги - та - ра, са - мо - ход айтқан кезде балалар күшті және әлсіз үлесті жеңіл қабылдай алады. Бала кішкентай кезінен бастап ырғақпен танысады. Ол ыңылдағанда, қол шапалақ тоғанда, бесікте тәрбиелегенде, ойыншық аттың үстінде шапқанда. Осының бәрі уақыттың сөздын сезіну. Бала өз бетімен жаңа естілген әуендерді, олардың ырғақтарын тезірек оқып үйреніп, танып, есте сақтауы үшін, біз балаларға әуендегі ырғақты көріністерде олардың жиі қолданатын аттарын мінездемелерін қайталап тұруымыз керек. Ең қарапайым бейнелі, салыстырмалы сөздермен түсіндіру қажет. Ноталардың ұзақтылығы былай түсіндірдім: көз алдыңа елесте***, сен өз жанұяңмен баспалдақпен көтеріліп келесің.
Әжең әр баспалдақта төрт рет дем алады (бүтін нотамен).
Апаң келе жатырып екі реттен дем алады (жартылықпен).
Әкең әр баспалдақтың әр қадамына дем алады (төрттік).
Сен екі баспалдақтан (сегіздікпен) әкенің әр қадамына жүгіріп өтесің, сізбен бір - ит, ол екі есе жылдамырақ (он алтылықпен) жүгіреді, әкеңнің әр қадамына төрт баспалдақтан жүгіріп өтеді
Баланың қолынан ұстап бірге, бүтін жартылық, төрттілік, сегіздік, он алтылық ұақтылығымен қатар түзеп жүруге болады. Сәбилерге арналған көптеген шығармаларда ырғақтың қиын жерлерін түсінуге әуенге жазылған әндері көмектеседі. Әрине шығарманы жаттағаннан кейін оқушы оның әнін айтпай тек қана ойнау керек, бірақ бірінші бастамада ұстаз оған шығарманы сөздерімен бірге ойнап жаттатқанда қалады. Осылайшы нотаны талдау жартылау жеңілдейді. Шығарма түгелдей игерілгеннен кейін, ноталарға қарап оның ырғағын сараптау керек – бұл әндері жоқ шығармаларды талдауды жеңілдетеді.
Музыканттың болашақ тағдырында, алғашқы оқу кезеңі шешуші болып саналады. Бұл болашақта үлкен тал болып өсетін, дәнді отырғызғандай, Г. Г. Нейгауз атқандай дарынды жасап шығаруға болмайды, бірақта оны жауып өсуіне ыңғайлы ортаны туғызуға болады және қажет.
Алғашқы негізгі пианистік және музыкалық әдеттің іргетасы үйрету кезеңінен бастап қаланады, сондықтан баланың есту қабілетінің сезуін бірінші дыбыстан бастап үйрету және сонымен қатар оның пианистік аппаратының бостандығын баптап қолының барлық буындарын өз ара байланыстыру қажет.
Ең кең тараған қателік қолдың сіресіп қалуы. Одан аулақ болу үшін ең бастысы дыбыстың дұрыс шығуы үшін, аспап басында екенін есте сақтау керек. Отырғанда клавиатураға қойылған қол горизонталь қалпында болу керек. Тек қана дұрыс отырғанда қолдың бүкіл бөліктері (саусақ, буын, шынтақ, иық және барлық дене) еркін қимылдар жасай алады. Фортепианоның басында қандай орындықта отыруы өте маңызды. өйткені ол орындаушы денесінің қалпын анықтайды. Орындықтың арқасымен клавиатуранның алдыңғы жағының арасындағы қашықтық, созылған қолдың ұзындылығымен өлшеніп және саусақтар қара клавишаларға тірелгенше дейін болу керек.
Әр уақытта баладан оған ыңғайлыма? – деп сұрап тұру қажет. Егер баланың қолы қысылып тұрса, оған – қолың жүріс кезінде қалай болады, солай еркін ұстатқызып, қолын қайта - қайта сілкіндіріп (босатып), оң және сол қолмен бірдей жұмыстандыру керек. Саусақтардың ұштарын сезіну үшін, наннан жасалған домалақты алып әрбір саусақтармен илеу немесе кішкентай кезінде допты қолмен қысуға болады. Баланың қолының үстіне, өз қолыңмен саусақты клавишаға қалай батырғызуын көрсету керек. Көбінесе балалар саусақты клавишаға түсірген кезде қолдарын кідіргізіп, дыбысты дұрыс шығармайды. Баланың қоры бір саусақпен клавиатураға түсіргенде қалықтаған, сіреспеген және барлық қолдың бірі қалыпты қимылдағаны болып саналады. Және сондай шартты түрде қолды клавишадан көтергенде жинақтауды тарбимаған саусақтар, сіресусіз алақан болуы қажет.
Қол қойылымын үйретуде оны сездірмей жасау керек, көбіне өз қолының көмегімен балаға оның қолының бос, иілген «су құятын шлангадай» және басқада салыстарыма келтіре отырып күштің бүкіл қолмен «азып шыққан буынға және саусақтардың ұшына дейін» судың шлангадан аққанындай секілді түсіндіріп жасаттыру керек. Денесі бос ұстау үшін ойнар алдында бірнеше минут мынандай гимнастикамен айналысуға болады.
Қорытындылай келе, балаға музыка сауаттылығын ойын арқылы үйрету, үлкен қызығушылық туғызуға мүмкіндік береді. Буын элементтерін қолданғанда оқушылар музыка сауаттылығына фортепианода ойнауды еркін жолдармен үйренеді, олардың ой қиялдары, көз алдына елестету қабілеттері дамиды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасау әдістері

Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасау әдістері

Тәрбиелік мақсаты: Шығармаларды орындау арқылы музыкалық білімін жетілдіру. Дамытушылығы: Гамма, жаттығуларды түрлендіре орындату әдісі бойынша...
Музыка әлемінде

Музыка әлемінде

Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...
Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету

Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...
Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру

Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...
Музыка әлеміне саяхат

Музыка әлеміне саяхат

Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге үйрету...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×