а) Білімділік: әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру, білімдерін дамыту.
ә) Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелік: лирикалық аспаптарды ұлтымыздың
мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: аралас
Әдісі: Суретті –түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұрмалы аспаптар, баян аспабы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
ІІ. Жаңа сабақ: Керней, сырнай тарттырып,
Даңғыра, дабыл қақтырып,
Барып түсті Алпамыс
Қаракөзайым үйіне...
(«Алпамыс батыр» жыры)
Мұғалім: Мына жыр жолдарында не айтылады?
(оқушылар өз ойларын айтады.) жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.