Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын кілт

Павлодар қаласы, "№9 сәбилер бақшасы" МҚКК
әдіскер Әлия Заркешқызы Худжанова

«Алтын кілт»
Білім саласы: Таным
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Алтын кілт»
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл - ой қабілеттерін қалыптастыру.
Бағдарламалы мазмұны:
10-ға дейін санауды бекіту, 5-ке дейінгі цифрларды тани білу, кеңістікті бағдарлауға білу( оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төмен), көлемін екі белгісі бойынша салыстыру (ұзын - қысқа, қисық - тұзу, жалпақ - жіңішке), геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және сопақша), денелер (куб, шар, конус, цилиндр) білу.
Керекті құралдар:
Көрнекіліктер: суреттер, алтын кілт, цифрлар, конверт, қорапша, геометриялық пішіндер мен денелер, «алтын теңгелер» кәмпиттер, сандық.
Үлестірмелі құралдар: геометриялық пішіндер, екі жолақ карточкалар.

Сабақ барысы:
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, олай болса амандасайық
Б: - Сәлеметсіз бе!
Т: - Б - р, қазір біз «Тез жауап бер ойынды ойнайық»
Т:- Бұрылайық, кім менің алдымда тұр? Артта? Томирис, сенің алдыңда? Артта? Т. с. с Енді тұзу тұрайық, менің оң жағымда кім тұр? Сол жағымда?
Т: - Ой, балалар, менің есімнен шығып кетті. Бізге сәлемдеме келді ғой, ашып көреміз бе?
Б:- иә.
Т: Қалай ойлайсыңдар, бұл кім бізге жіберді? (Суретін көрсетеді)
Б: Буратино
Т: Дұрыс, (алып шығып оқи бастайды) «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көмектесіңдер! Қу түлкі Алиса мен Базилио мысық менен алтын кілтті ұрлап алды да тығып қойды. Кілтті табу үшін, көп тапсырмаларды орындау керек. Кілт тапсаңдар сиқырлы қобдишаны аша аласыңдар. Сәттілік тілеймін!
Т:- Қалай, балалар, көмектесеміз бе Буратино, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Б:- Иә
Т:- Олай болса, қазір жұптасып, орындарына отырайық.
(Балалар орындарына отырады)
Т: - Балалар, әдемілеп қол, аяғыңды қойып, түзу отырып, мұқият тапсырмаларды тыңдап отырайық.

Д/о: «Көгал»
Т: - Балалар, қараңдар, бұл көгалда өсімдіктерді санау және санына сәйкес цифрларды табу керек.(Балалар санайды саңырауқұлақтарды, жидектерді, шыршаларды, олардың санына қарй цифрларды тауып қояды.)
Т: - Өте жақсы, б - р, мұқият қараңдаршы осы көгалда кілт жоқ па?
Б: - Жоқ.
Т: - Онда ары қарай Буратиноның тапсырмаларды орындайық.

Д/о: «Неше қоян тығылып қалды?»
Т: - Балалар, Буратино қояндарды санай алмады, кәне біз санайықшы, неше қоян тығылып қалды? (Балалар санайды, қоянның саның анықтайды, содан кейін қояндардың құлақтары барлығын ретімен және кері санайды).
Т: - Ал мұнда кілт барма?
Б: - Жоқ.

Сергіту сәт: «Буратино керілді»
Т: - Балалар, геометриялық денелер өзенге шомылып өздерінің көйлектерін шешіп тастады, енді қай дененің көйлегі білмей тұр. Сендер маған айтасыңдар, мен тақтайға қоям, ал сендер өздерінің карточкаларға қоясыңдар. Кубтың көйлегі қай пішін болады?
Б: - Шаршы.
Т: - Дұрыс, балалар, бірінші шаршыны қоямыз. Домалақтың көйлегі?
Б: - Дөңгелек.
Т: - Дұрыс, цилиндрге қандай көйлек ыңғайлы болады?
Б: - Тікбұрыш.
Т: - Өте жақсы, ал конустың?
Б: - Үшбұрыш.
Т: - Қандай біз тағы пішінді білеміз?
Б: - Сопақша.
Т: - Оны да қояйық, бал - р, қатарға. Енді барлығын атайықшы.(балалар геометриялық пішіндерді атайды). Балалар, өте жақсы, бірақ біз кілтті әлі тапқан жоқпыз.

Д/о: « Буратино қайда, қай жолмен жетеді»
Балалар суретті қарастырып, Буратино қай жолмен қайда жетеді деген сұрақтарға жауап беріп отырады.(Қысқа - ұзын, қисық - түзу) сөздерді пайдаланады.

Д/о: «Не, қайда қойды?»
Балалар, Буратино, өз заттарын сөрелерге қояды. Ал не, қайда қойғаныңды, біз анықтауымыз керек.( Бал - р заттарын атын атайды да қайда тұр айтады)
Мысалы: Қалпақты жоғары, оң жаққа қойды. Тапсырма: Дөңгелекті жоғары, оң жаққа қойыңдар. Кілт жоғары, сол жақта жатыр. Тапсырма: Үшбұрышты жоғары сол жаққа қойыңдар. Т. с. с тапсырмалар).
Т: - Балалар, қараңдаршы, кілт барма мұнда?
Б: - Иә.
Т: - Міне, бал - р, біз таптық Буратиноның кілтің. Оны ешкім ұрлаған жоқ. Буратино өзі сөреге жоғарыға қойыпты. Енді біз кілтті алайық та сандықшаны ашайық. Буратино сендерге риза, ол сендерге сыйлық дайындап қойды. Қараңдар, бал - р тәтті алтын теңгелер.
Рахмет, балалар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сиқырлы сандық

Сиқырлы сандық

Балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, пішіндердің түсін түстеп, атауын атап және айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру....
Ойнайық та, ойлайық

Ойнайық та, ойлайық

Балаларды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы...
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбіш Майра Әбдрейқызы...
Геометриялық  пішіндерге  арналған  дидактикалық  ойындар

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Орманова Құралай Халелқызы...
Геометриялық пішіндер еліне саяхат

Геометриялық пішіндер еліне саяхат

Солтүстік Қазақстан обылысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің мектеп алды сынып тәрбиешісі Әсімжан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×