Сабақтың тақырыбы: “Туынды” тақырыбына есептер шығару
Сабақтың түрі: «Әдет – ғұрып» сабағы
Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың «Туынды» тақырыбында алған білімдерін бекіту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға есеп шығару барысында қазақ халқының әдет - ғұрып, салт – дәстүрлерімен таныстыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Туындының анықтамасын біле отырып, функцияның туындысын білуге үйрету.
Көрнекілігі: а) плакаттар; ә) үлестірме қағаздар; б) «теңгелер»;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. «Туынды» тарауына жалпы шолу сұрақтарын беру.
3. Математикалық сөзжұмбақ шешу.
4. «Теңге ілу» ойынын ойнау.
5. Сабақты қорытындылау.
«Туынды» тарауына жалпы шолу сұрақтарын беру.
1. Функцияның нүктедегі шегі дегеніміз не?
2. Функцияның х нүктесіндегі туындысы дегеніміз не?
3. Тұрақты санның туындысы неге тең?
4. Туындыны табудың ережелері.
5. Дәрежелік функцияның туындысының формуласы.
6. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі.
7. Күрделі функцияның жалпы түрі.
8. Күрделі функцияның туындысы.
9. Тригонометриялық функциялардың туындылары
Жауап берілген сайын кестеге алдын - ала жазылған жазуды ашып отыру керек.
Барлық әріптер ашылған соң бір оқушы шілдехана туралы айтып өтеді.
ІІІ. Математикалық сөзжұмбақ
f(x) = 5x+2 функциясының x 1 ұмтылғандағы шегі неге тең?
f(x) = - 2х2+х функциясының x 3 ұмтылғандағы шегі неге тең?
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(3) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(- 2) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(4) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(10) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(12) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(1) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(30) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(10) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(21) туындысын есептеңдер.
f(x) = - 2х2+х функциясының f /(2) туындысын есептеңдер.
х - тің туындысы неге тең.
Оқушылар өздеріне берілген дайын кестеге шығарған жауаптарын жазады, берілген уақыт өткенде парақтар жиналып алынады. Әрбір оқушы жеке – жеке бағаланады. Тақтада жауаптар жазылып, мақалдың мәні түсіндіріледі.
Жоғарыдағы теңдеулерді шешіп, сәйкес әріптерді торкөздердегі сандардың астына жазғанда «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген қазақ халқының мақалы шығады.
ІV. «Теңге ілу»
Ойынның шарты:
Оқушылар теңгелерді өз қалауынша суырады. Теңгенің құны өскен сайын ондағы есептің қиындық деңгейі артады.
Осы есептерді дұрыс шығарған оқушылар теңгені алған болып есептеледі де, сәйкес бағасын алады.
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды алған бағаларымен таныстыру, күнделіктеріне қойып беру.
VІІ. Үйге тапсырма беру. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.
“Туынды”тақырыбына есептер шығару
- Asem_abusabitovna
- 11 қаңтар 2016
- 5135
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, туынды, салт-дәстүр
Ұқсас жаңалықтар:
Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін кеңейтіп толықтыру....Тригонометриялық функциялардың туындыларын табуға есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формуласымен таныстыру, оларды есеп шығаруда қолдануды үйрету Туынды есептеу тақырыбы бойынша білім,...Күрделі функцияның туындысы
Күрделі функцияларды құрастыруға және олардың туындысын табуды үйрету. Логикасын арттыру. Шапшаң, жылдам есептеуге, өз бетінше жұмыс істеуге...Квадраттық функция
Сабақ мақсаты: 1.Квадраттық функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;...Күрделі функцияның туындысы
оқушылардың күрделі функцияның туындысын табу білік, дағдыларын қалыптастыру; оқушыларға күрделі функцияны құрастыруға және оның туындысын табуға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.