Сайтқа кіру Тіркелу

Озық ойлы оқушы (сайыс сабақ)

Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
(8 сынып оқушылары арасында)

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, алған білімдерін пысықтау, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 8 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыралық: Сайысқа 8 ойыншымыз қатынасқалы отыр. Қазір енді сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін:

Енді сайысымызды басталық. Әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Бәйге»
ІІ бөлім – «Тіл - өнер»
ІІІ бөлім – «Дода»
ІҮ бөлім – «Тапқырлық»
Ү бөлім – «Жорға»

Ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл – жебр деген араб сөзі»)
3. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым?(теорема)
4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана)
5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
6. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
7. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)
11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
12. Кез - келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)
13. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)
14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)
15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)
16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
17. Квадраттық функцияның а коэффициенті теріс сан болса, параболаның тармағы қалай бағытталады? (төмен)
18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

ІІ бөлім «Тіл - өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.
1) Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс (сызғыш, линейка, a ruler)
2) Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір - ақ із түсті (ара, пила, saw)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
4) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар (10, он, десять, ten, 100, жүз, сто, hundred)
5) Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бар онда. (рационал сан, рациональные числа,
6) Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан, натуральные числа, real)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×