Сайтқа кіру Тіркелу

Математика елінде

Математика елінде
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Таныстыру (топтың өзін таныстыруы)
2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Математика сиқыры (есептер шығару
4. Жалғасын тап(мақалды жалғастыру)
5. Ғажайып әлемі (ойын есеп)
6. Кім озып келер? (карточка арқылы топқа беріледі)
7. Мини тест
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз топтық ойын түрінде өтеді
Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білімге
деген құштарлығымызды ортаға саламыз /ойын мақсатымен таныстыру/
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 1 топ - төртбұрыш, 2 топ - үшбұрыш, 3 топ - шаршы топтарын ортаға шақырамыз.
І кезең. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
«Төртбұрыш» тобы
Төртбұрыш деп қарама - қарсы қабырғалары тең болатын, төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар фигураны айтады.
«Үшбұрыш» тобы
Үшбұрыш деп бір жазықтықта жатпайтын, үш төбесін кесінділер қосатын, үш бұрышы бар фигураны айтады.
«Шаршы» тобы
Шаршы деп барлық бұрыштары тік, барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрышты айтады.
ІІ кезең. «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 1 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
«Төртбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек
5. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
6. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
«Үшбұрыш» тобына
1. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
2. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
3. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
4. Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 – ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
5. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
6. Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
«Шаршы» тобына
1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
2. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
4. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
6. Асханаға 50 кг пияз және одан 30 - ы артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (80 кг)
7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІІІ. кезең. Математика сиқыры
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір - бірден кезекпен оқушылар шығып орындап отырады.
(13+22)- 20 25+х=41+12 15+22+5+18
(33+4)- 30 45 - х=100 - 60 21+35+9+25
IV кезең. Жалғасын тап
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Y. кезең. Ғажайып әлем
Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы берілген ойын есептерді шығару.
20 ---- 20 ---- 20
30 ---- 30 ---- 30
40 ---- 40 ---- 40
Сол жақтағы 20.
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі: маған екі балық, саған бір балық тағы солай қайталап, он рет айтады. Сонда түлкіге неше, қасқырға неше балық тиесілі?
Ж: Ең көп балықты түлкі алды - 20, 10 балыққа артық.
Ортадағы 30.
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 7 балық
Оң жақтағы 40.
“Алма жинау” Айдос 15 алма, ал Айна одан 5 - еуі артық терді. Олар барлығы неше алма жинады?
Жауабы: 35 алма
Сол жақтағы 30.
Ең алғаш мектеп ашқан кім?
Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
Ортадағы 30.
Оңынан бастап оқысаң да, солынан бастап оқысаң да сол сан
Жауабы: нол
Оң жақтағы 20.
Математикалық амалдарды ата
Жауабы: қосу, азайту
Сол жақтағы 40.
Қосудың компоненттерін ата
Жауабы: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні
Ортадағы 40.
Азайту амалдарының компоненттерін ата
Жауабы: азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні
VI кезең. «Кім озып келер?»
Геометриялық фигуралардың периметрін, белгісіз қабырғасын есепте.
«Төртбұрыш» тобына.
Ұзындығы 5см, ені 3 см болатын төртбұрыштың периметрін табыңдар.
Р= 5см+5см+3см+3см=16 см
«Үшбұрыш» тобына.
Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см, 3см, периметрі 18 см. Үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап.
Шешуі: 18 – (6+3)=9 (см) Жауабы: 9 сантиметр
«Шаршы» тобына. Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрі 16 см. Шаршының белгісіз қабырғасын тап:
Шешуі: 16 - (4+4+4) =4 (см) Жауабы: 4 сантиметр
Тест I нұсқа
1. Сәйкес өрнекті тап: 54 пен 26 - ның қосындысынан 20 - ны азайт
а. (54 - 26) - 20
ә. (54+26)- 20
б. (54+26)+20
2. Осы суреттен жоқ фигураны тап.
а. дөңгелек
ә. Шаршы
б. үшбұрыш
3. Чебурашка дүкеннен 4 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
а. 60тг
ә. 20тг
б. 15тг
4. Керекті таңбаны қой: 25+56* 54 - 13
а. «»
б. «=»
5. Арманда 8 дәптер, Мараттың одан 11 - дәптері артық. Маратта қанша дәптер бар?
а. 21
ә. 18
б. 19
Тест II нұсқа
1. 18 - 12 өрнегінің мәнін тап:
А) 6
В) 15
С) 4
2. Ең үлкен бір таңбалы санды тап:
А) 2
В) 9
С) 10
3. 43+35 өрнегінің мәнін тап:
А) 53
В) 70
С) 80
4. Ерболдың 15 шары болды. Ол жетеуін досына берді. Ерболда неше шар қалды?
А) 12
В) 8
С) 6
5. Суретте неше бар?
А) 5
В) 4
С) 6
Оқушылардың ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Сайыс сабаққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×